1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары



бет9/43
Дата18.12.2023
өлшемі341,85 Kb.
#140431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары-emirsaba.org

Популяциялық – түрлік деңгей. Түр - еркін будандасуға және өсімталдық ұрпақ беруге қабілетті, морфологиялық, физиологиялық, генетикалық, экология-географиялық белгілері бойынша тұқым қуалаушылық ұқсастыққа ие, дарактардың (ағзалардың) жиынтығы ретінде анықталатын, маңызды биологиялық категория. Карл Линнейдің уақытынан бастап (18 ғасырдағы үлы швед натуралисі) биологиялық түрлер латын тілінде қос атаумен белгіленеді - бірінші сөзі туыстықты белгілейді, екіншісі - түрді. Мысалы, Phaseolus vulgaris - кәдімгі үрме бұршақ, Passer domesticus - кәдімгі торғай, Homo sapiens -ақылды адам. Түрді аныктаудағы бастысы (оның басты критерийі) — дарақтарының будандасу қабілеттілігі, және , одан да маңыздысы - өсімталдық ұрпақ қалдыру қабілеті.
Жабайылық жағдайда әртүрлі түрлердің дарактары будандастырылмайды. Жасанда жағдайда жылқы мен есекті будандастыруға болады, бірақ олардың ұрпағы - қашыр -ұрпақ бермейді. Өйткені, жылқы мен есек - әртүрлі түрлер. Жерде әрбір түр белгілі бір ареалды (таралу аймағы) алады - аумақ немесе акватиорияны (түрдің экологиялық-географиялық критерийі). Мысалы, амур жолбарысы үшін Манчжур тайгасы сияқты. Ондай түрлерді эндемикалық немесе эндемиктер деп атайды. Басқа да жағдайларда түр барлық жер шарына таралып кетеді-космополит-түрлер. Кей жағдайларда жиірек түр ареалы үзік-үзік болады, түр жеке топтар -популяциялар болып тіршілік етеді.
Популяция - белгілі бір ареалда (таралу аймағында) ұзақ уақыт мекендейтін және еркін будандастырылуға қабілетті бір түр дараларының кейбір оқшауланған жиынтығы. Ареалдан басқа популяцияның және де белгілі бір экологиялық орны болады. Егер ареал - бұл популяцияның мекені болса, онда оның тіршілік бейнесі: тамағының құрамы, жаулары, су режимі, орман ярустары т.б. Бірақ та биологиялық түрлердің эволюциясы мен ұрпақ қалдыру бірлігі ретіндегі популяцияньщ басты қасиеті -оньщ дарақтарының еркін будандастыруға қол жетімділігі, яғни, ата-ана гендерінің еркін комбинаторикасы. Популяцияның генетикалық құрылымының бірте-бірте өзгеруі жаңа түрлерді туғызады. Сондықтан да популяция мен түр арасындағы шек қою кейде қиын да, сол себепті бүл категориялар ұйымның бір деңгейінің аясында қарастырылады.
Биогеоценоздық деңгей. Бұл деңгейде экологиялық жүйелер қарастырылады: бірлестік, биогеоценоз, биосфера. Бірлестік - белгілі бір аумақта әртүрлі түрлер популяцияларының жиынтығы. Әдетте мамандар (ботаниктер, зоологтар, микробиологтар) бірлестікте белгілі бір категориялар нысандарын бөліп көрсетеді: өсімдік қауымдастығы - фитоценоз, жануарлар қауымдастығы - зооценоз, микроорганизмдер қауымдастығы - микробоценоз. Онда, ареалда жеке популяция түрінде көрінетін, әртүрлі түрлердің бірлесе мекен ететін барлық бірлестіктердің жиынтығы - биоценоз. Бірлестіктегі немесе биоценоздағы әртүрлі түрлердің популяциялары, тамақ пен ярустарды бөлу, алмасу өнімдерін өзара пайдалану негізінде, жыртқыш-құрбан, паразит^иесі қатысында т.б. тығыз өзара әрекеттеседі. Кез келген тірі бірлестік, барлық биоценоз сыртқы ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етуге қабілетті. Жерүсті бірлестігі үшін ол - белгілі типтегі топырақ, температура, ьілғалдық, жарықтық; судағылар үшін - минералдық құрам, тұздылық және судың аэрациясы, сол температура, жарықтығы, тереңдік, ағыс т.б. Бірлестіктің мекен ету ортасының осы өлі (абиотикалық) факторларының жиынтығы биотип ретінде белгіленеді (сөзбе сөз мағынасы - тіршілік ету орны). Қазіргі заманғы экологияны жалпьшаудьщ ең маңыздылығы, өлі орта мен оны мекендейтін биоценоз заттар мен энергиямен алмасады, тығыз өзара эрекетте болатындығынан тұрады, сондықтан биотоп жэне биоценоз біріңғай жүйеге -биогеоценозға біріктіріледі. Биогеоценоздар - бүл, табиғи экожүйелер: орман, дала, батпақ, көл, өзен, теңіз т.б. Бірақ адам жасанды экожүйені қолдан жасай алады — олар, агроценоздар (ауыл шаруашыльщ плантациялары, құс фабрикалары, мал шаруашылығы фермалары т.б.), аквариумдар мен балық өсіретін тоғандар, микробтар, балдырлар, моллюска-сүзгіштер, арнаулы іріктелген микробтар бірлестіктерімен тазарту имараттары, тіпті де бірегей ішкі климатымен, биологияльщ тепе-теңдікпен ғарьшпъщ стансалар. Жердегі ең жоғары экологияльщ жүйе бір-бірімен өзара байланысып биосфераны құрайды -ол, жер бетінің тіршілік таралған жұка қабығы. Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы үлы орыс натуралисі жэне философы В.И.Вернадский (1863-1945). Бұл ілімнің және Вернадский жасаған биохимия ғылымының негізгі түйіні, біздің ғаламшардағы тірі және өлі әлем біртұтас, ағзалар мен орта компоненттері зат пен энергия алмасумен (айналым) байланысқан деген ойдан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет