1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары



бет5/43
Дата18.12.2023
өлшемі341,85 Kb.
#140431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары-emirsaba.org

Панспермия теориясы. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше "pan"- барлық және "sperma" - тұқым) деген атпен белгілі.
6.ТІРІ ЖҮЙЕНІҢ ҰЙЫМДАСУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ
Тіршілік ұғымындағы негізгі орында - нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі организмдер жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі организмдер бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады.
Молекулалық деңгей - тіршілікке тән бастапқы ең қара- пайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қыш- қылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады.
Жасушалық деңгей- Жер бетіндегі тірі организмдердің көпшілігінің құрылымдық және қызметтік бірлігі-жасушадан тұрады. Жасушалық деңгейде оның құрамындағы жеке органоидтердің өзіне тән құрылысы болады және олар жасушада белгілі бір кызмет атқара ды. Жасушадағы жеке органоидтердің атқаратын кызметі өзара бір- бірімен тығыз байланысып, жасушадағы біртұтас тіршілік процестерін жүзеге асырады. Бір жасушалы организмдерде (бір жасушалы балдырлар және қарапайым жануарлар) барлық тіршілік процестері бір ғана жасушаның ішінде жүреді. Бір жасуша өз алдына жеке организм болып саналады. Көп жасушалы организмдердегі бір жасуша өз алдына жеке организм бола алмайды, тек организмнің қарапайым құрылымдық бірлігі қызметін атқарады.
Ұлпалық деңгей - шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметіне біркелкі жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ұлпалық деңгей тек көп жасушалы организмдерге тән қасиет. Жеке ұлпалар да өз алдына тұтас организм бола алмайды. Мысалы, жануарлар мен адам денесінде төрт түрлі ұлпа (эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке) болады. Өсімдік мүшелеріндегі ұлпалар - түзуші, жабын, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы деп аталады.
Мүшелік деңгей көп жасушалы организмдерде шығу тегі, құрылысы және атқаратын кызметі біркелкі ұлпалар жиналып, мүшелік деңгейді құрайды. Әрбір мүшенің құрамында бірнеше ұлпа кездеседі және бір ұлпа ғана басым болып келеді. Әрбір жеке мүше де тұтас организм бола алмайды. Құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас бірнеше мүшелер бірігіп жеке мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, адам организмінде ас қорыту, тыныс алу, қан айналым, т.б. мүшелер жүйесі болады.
Ағзалық деңгей денесі бір ғана жасушадан тұратын өсімдіктер (хламидомонада, хлорелла) мен жануарлар (амеба, инфузория, т.б.) өз алдына жеке организм. Ал көп жасушалы организмдердің жеке бір дарасы жеке организм деп есептеледі. Жеке организм денесінде тірі организмдерге тән барлық тіршілік процестері-қоректену, тыныс алу, зат алмасу, тітіркену, көбею, т.б. жүреді. Әрбір жеке организм өзінен кейін ұрпақ қалдырып отырады. Көп жасушалы организмдерде жеке жасушалар, ұлпалар, мүшелер және жеке мүшелер жүйесі тұтас организм бола алмайды. Тек бір организмдегі барлық мүшелер жүйесі өзара үйлесімді қызмет атқара отырып, тұтас бір организмді құрайды. Организм тікелей сыртқы табиғи орта жағдайларымен тығыз байланыста ғана тіршілік ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет