1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары



бет20/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42

Мейоздың биологиялық маңызы: 1.Конъюгация және айқаспа барысында гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы. 2. Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі. 3. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады.


29.АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ФОРМАЛАРЫ
1-жынысты көбею:  Жынысты көбеюдің ерекшелігі сол, бұл процесс гаплоидты хромосома жиынтықтарында бар арнайы құрылысты аталық және аналық жыныс клеткаларының қатысуымен жүреді.Ұрықтану нәтижесінде жыныс клеткалары немесе гаметалар қосылып, диплоидты жиынтығы бар зигота түзіледі.Зиготадан дамып жетілетін орнанизм әдетте өз ата-аналарынан біршама ерекше белгілерімен ажыратылады. Өйткені гаметалардағы хромосомалар мен гендердің жаңа үйлесімдері ұрпақтарында белгілердің жаңа үйлесімдерін жарыққа шығарады. Мұның өзі бір түр особьтарының алуан түрлігіне себеп болып, тіршілік үшін күресте сұрыптауға мол материал даярлайды. Олай болса, жынысты көбеюдің биолигиялық тек өзін-өзі ұдайы өндіруде ғана емес, сонымен қатар, түрлердің тарихи дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен жынысты көбеюдің мәні – ұрпақтың тұқымқуалаушылық материалында екі түрлі ата – ананың генетикалық ақпаратының бірігуі.
Коньюгация – бактерияларға, қарапайымдар типіндегі инфузориялар класының өкілдеріне тән ерекше көбею формасы. Коньюгация кезінде екі особь өздерінің тұқым қуалау материалы бар ядроларымен алмасады. Особьтар санында еш өзгеріс болмайды, бірақ ары қарай жүретін жыныссыз көбею нәтижесінде ата-аналарынан өзгеше особьтар түзіледі. Өйткені алмасқан ядродағы гендер арқылы белгілер мен қасиеттердің жаңа үйлесімдері пайда болады. Коньюгация құбылысы бактерияларда да байқалады. Екі бактериялық клетканың арасында протоплазмалық көпіршіктер түзіліп, сол арқылы бір клеткадан екіншіге ДНҚ жіпшесінің кесіндісі ауысады. Ендеше бұл жағдай комбинативтік өзгергіштіктің ол бірден бір себебі.
Копуляция – бір клеткалы организмдерге тән жыныстық көбею әдісі. Бұл организмдердің бір – бірімен біршама айырмашылықтары бар аталық және аналық особьтары жыныс клеткалары ретінде, өзара қосылып нәтижесінде зигота түзіледі. Жынысты көбею эвлюциясының алғашқы кезеңдерінде гаметаларда айтарлықтай айырмашылықтар байқалмаған ( изогамия ) олар бірте –бірте мөлшері жағынан бір-бірінен алшақтап ірі және майда гаметалар түзіле бастаған ( анизогамия ). Эволюция процесінің ең соңында аналық гамета ұлғайып өсіп, қозғғалмайтын жұтыртқа клеткасына дейін күрделеніп, аталық гамета қозғалуға қабілетті өте майда сперматазойдтарға айналған. Бұл ерекшелік овогамия деген атпен белгілі. Көп жасушалы организмдердің жыныс клеткалары жыныс бездерінде – гондаларда дамып жетіледі. Жыныс клеткаларның екі типін ажыратады: аталық сперматозоидттар және аналық жұмыртқа жасушасы. Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінде, ал жұмыртқа клеткасы аналық жыныс бездерінде дамып жетіледі. Жыныс клеткаларының немесе гаметалардың жұмытқа клеткасы мен сперматозоидтарға сай особьтардың аналық және аталық болып жіктелуі жыныстық диморфизмді көрсетеді. Ендеше жыныстық диморфизм дара жынысты организмдерде байқалады. Олардың аталықтары мен аналықтары сыртқы түрі, мінез қылықтары және басқа көптеген белгілері бойынша бір – бірінен ажыратылады.
Жыныстық димофизм жұмыр құрттарға, буынаяқтыларға және көпшілік омыртқалы жануарларға тән жағдай. Аналықтары әдетте дене мөлшерімен, пішіндерімен, боялу ерекшеліктерімен аталықтарынан оңай ажыратылады. Адамда да жыныстық диморфизм айқын байқалады. Дененің салмағы, бойдың биіктігі, қаңақа сүйектерінің мөлшері, бұлшық еттердің орналасуы, дауыс ырғағы т.б. көптеген белгілер әйел және еркек жыныстарында түрліше дамып жетіледі.
2-жыныссыз көбею: Жыныссыз көбею кезінде ұрпақ тек бір особьтың бір немесе бірнеше соматикалық клеткаларынан дамып жетіледі. Мұның нәтижесінде бір-біріне айна-қатесіз ұқсас біркелкі особьтар түзіледі.Оларды клон деп атайды. Кездейсоқ мутациялардың әсерінен бір клондағы особьтар әр түрлі генетикалық өзгерістерге ие болуы мүмкін.Мұндай өзгерістердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалауы түрдің өзгергіштігіне және эволюцияға себеп болады.Жыныссыз көбею табиғатта кең таралған құбылыс.Мұның бірнеше формалары бар.
Біржасушалы организмдердің көбею формасы
Бөліну арқылы жыныссыз көбею біржасушалы амеба, инфузория,кірпікшелі кебісшеге тән. Ең бірінші организмнің ядросы одан кейін цитоплазманың бөлінуі басталады. Бұған қоса осы кезде бөлінген теңдей жасуша бірдей ннформацияга ие болып, жасушаның құрылым компоненттері де теңдей екіге бөлінеді. Бөлілініп болған жаңадан пайда болған жаңадан пайда болған жас жасуша да өз тіршілік барыснда өсіп аналық организмдегідей көлемге жеткеннен кейін қайтадан бөлінуге дайын болады.
Шизогония немесе көптік бөлілну – көбеюдің бір формасы. Мұнда ядро бірнешеге бөлініп, артынша цитоплазма да бірнешегеажырап, көптеген майда клеткалар түзіледі. Мысалы: безгек плазмодиі адамның бауыры мен қан клеткаларында осылай көбейеді. Ол организмнің бөлінуге қабілетті стадиясын шизонт деп атаймыз да процестің өзін шизогония дейміз. Мұндай бөліну бірнеше қайтара жүруі мүмкін. Көбею қарқындылығының жоғары болуы бұл паразиттердің таралуға бейімделуі яғни, тіршілік үшін күресі деп түсіндіріледі.
Бүршіктену – бактерияларда, ашытқы саңырауқұлағында және бірқатар төменгі сатыдағы көпжасушаларда: губкалар, ішекқуыстылар,кейбір құрттарда байқалатын көбею формасы. Бұл көбеюдің жүруі аналық жасушада ядросы бар үлкен емес бүршік пайда болып өсе бастайды. Көп клеткалы организмнің денесінен өсіп шыққан клеткалар тобы ұлғайып жетіле ке болып өсе аналық организмнен бөлініп кетеді де өз алдына жеке тіршілігін бастайды. Кей жағдайда ондай бүршіктер бөлінбей жалғасқан күйде қалып колонияларды түзейді.
Спора түзілу – арнайы клеткалар споралар арқылы жүретін көбею формасы.Спора көбеюді қамтамасыз ететін сыртынан қалың қабықпен қапталған тіршілік циклі стадияларының бірі. Мысалы: қарапайымдылар типіндегі споралыларда,бірқатар төменгі және жоғарғы сатыдағы ен өсімдіктерде спора түзіледі. Бактериялардың спорасы көбеюді емес тек қолайсыз орта жағдайларында тіршілігін сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Фрагментация – кезінде особь екіге немесе бірнеше бөліктерге ажырап, әр бөліктен жаңа особь дамып жетіледі.Бұл құбылыс теңіз жұлдыздарында, гидрада, жауын құртында кездеседі т.б. кездеседі. Көпклеткалы жануарларда байқалатын бүршіктену мен фрагментацияны жалпы атпен вегативті көбею деп те атайды. Вегативті көбеюдің ерекше формасы ретінде жануарлар дүниесінде кездесетін полиэмбриония қарастырылады. Дамуының ең бастапқы кезеңінде ұрық бірнешеге бөлініп, әр жеке бөліктен өз алдына организм дамып жетіледі. Мұны соналардан, кейбір сүтқоректілерден байқауға болады. Сондай-ақ, адамда бір жұмытқалық егіздердің дүниеге келуі полэбрионияның мысалы болып табылады.
Көпжасушалы организмдердің көбею формасы
Өсімдіктерде – вегативті көбею вегативті мүшелердің қатысуымен жүреді. Вегативті көбею мүшелеріне мұртшалар, түйнектер, қалемшелер жатады. Мысалы: каптопта көбеюде өзгерген жер асты сабақтар – түйнектер, қалемшелер оңай тамылаланады. Қалемшелер арқылы жүзімді қарақатты көбейтуге болады. Бүлдіргеннің ұзын жатаған өркендері - мұрташалары бүршіктер түзіледі, олар тамырланып, жаңа өсімдікке бастама Кейбір өсімдіктер(бегония) жапырақты қалемшелері арқылы көбейе алады. Жапырақтың төменгі ірі жүйелердің бұтақтанған жерлерінен тамырлар пайда болып, ал үстіңгі жағында алдымен бүрішіктер, одан кейін өсіру ісінде жанама тамыр бар қалемшелер арқылы таңқурайды, шиені, алхорыларды және роза гүлдерін көбейтеді. Тамыр түйнектерімен георгиналар көбейеді. Сабақтың жер асты түрі өзгерген бөлілігі – тамырсабақтан да жаңа өсімдіктер шыға алады.
Вегативті көбею формасы жануарларға да тиісті. Мысалы: көпқылтанды сақиналы құрттардың жекелеген бөліктері бір-бірінен де, дербес организмдерге бастама береді. Бұл жағдайда вегативті көбеюдің негізіне жоғалған органдарды қалпына келтіру – жетілген мүшелік регенерацияға қабілеттілік жатқан болуы керек. Мұндай қабілеттілік көптеген омыртқасыз және омыртқалы жануарларға тән.
Спора түзілу арқылы көбеюдің жүруі организмде спора деген арнайы клетканың дамуымен байланысты. Бұл су өсімдіктерінде, саңырауқұлақтарында, қырықбуындарда көп байқалады. Ұрықтанбаған жасыл балдырдың кейбіреулерінде спора түзілуі мүмкін. Олар зооспора деген атқа ие болады, яғни олар мөлдір, жұмсақ, суда қалқып жүре алады. Ал жоғарғы сатыдағы организмдерде спораның түзілуі спорангий деген арнайы орындарда жүреді. Өсімдіктердің споралары қозғлмайтын өте майда құрамында ядро, цитоплазмасы бар қоршаған ортаның әртүрлі құбылыстарынан қорғану үшін тығыз қабықпен қапталған. Әрбір осындай жасуша жаңа организмнің дамуына мүмкіндік береді, яғни түзілген спораладың саны өте көп кең таралуға да мүмкіндік ете алады. Спораның көлемінің кішкентайлығы мен жеңілдігіне байланысты жел арқылы жақсы таралады.

3-партеногенез: Партеногенез, апомиксис (гр. parthenos - тың, genesis — шығу, пайда болу) — көптеген өсімдік және жануарлар организміндегі ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан ұрықтың дамуы[1]; жыныс жасушаларының қосылуынсыз дамыған жаңа ағза: ұрықтанбаған жұмыртқадан (партеногенез) спорофиттің вегетативтік жасушасынан(апоспория) және т.б. Көбінесе күрделігүлділер, раушангулділер, астық тұқымдастыларда кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет