1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары



бет22/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

Энергетикалық алмасу- жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс.
Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе ағзаның тыныс- алу. АТФ синтезі. Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ-тің қышқылың синтездеуге қажетті энергия глюкозаның ыдырауынан алады.Негізінен бұл әрекет үш сатыдан тұрады: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының циклі; 3) электрон тасымалдау тізбегі.
Катабализм мен анабализм арасындағы энергия алмасуы.
Катабалистік жол АТФ және НАДФ – Н түрінде химиялық энергия бөледі. Анабализм кезінде ол энергия қарапайым молекулалардан макромолекулалар құрастыруға жұмсалады.Анабализм немесе Биосинтез кезіңде қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары және т.б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді.

33. Эволюция теориясына кіріспе
: Эволюция – тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М. Хейл енгізді. Швейцария жаратылыс зерттеушісі Ш. Бонне (1720-1793ж.ж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім – тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді. Оның негізін қалаған ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин. Дарвинге дейінгі тірі табиғаттың дамуы. Тірі табиғат туралы мағлұматтарды жинастырып, жүйеге келтіру Ежелгі Грецияның ұлы ғалым-философтары Аристотель, Теофраст, Гиппократ есімдерімен тығыз байланысты. Философ әрі жаратылыстану зерттеушісі Аристотель «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың бөліктері туралы» деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. Көне дәуірде Қытай, Үндістан, Египетте тірі организмдер туралы нақты мәліметтерді пайдаланудың көп пайдасы тиді.
К. Линнейдің эволюциялық ілімі. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778 ж.ж.) болды. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді.К. Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрлысына қарай 6 класқа жіктеді:1.Сүтқоректілер; 2.Құстар; 3.Амфибиялар;4. Балықтар; 5. Бунақденелілер; 6.Құрттар.
К.Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы фраңцуз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегін- де түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді.
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы: Ч. Дарвин іліміне «Бигел» кемесімен саяхат жасағанда жинаған экспедициялық материалдары да көп пайдасын тигізді. Ч. Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанмен эволюция – өзгергіштіктің қатар жүруінен болатын құбылыс екеніндігін дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет