36. Биологиялық эволюция түсінігі. Академиктер Алексей Николаевич Северцов пен Иван Иванович Щмальгаузен эволюцияның биологиялық прогреске әкелетін 3 бағытын анықтады:
1. Ароморфоз (морфофизиологиялық прогресс немесе арогенез). Арогенез кезінде — даралардың құрылым деңгейі күрделеніп тіршілік етуге бейімділігі арта түседі. Мысалы, эволюция процесінің нәтижесінде 2 қабатты жануарлардан пайда болған жалпақ құрттарда үшінші мезодерма қабаты пайда болды.
2. Идиоадаптация (аллогенез). Идиоадаптация (аллогенез) — биологиялық құрылым деңгейін күрделендірмей өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі. Әрбір түр белгілі бір ортада тіршілік ететіндіктен дәл осы ортаға тән пайдалы бейімделушілік калыптасады.
3. Дегенерация (катагенез). Дегенерация (катагенез; грекше "kata" — қарапайымдану, кері кету,) эволюциялық дамуында қарапайымдала түсу деген ұғымды білдіреді. Оны дегенерация немесе морфофизиологиялық регресс деп те атайды.
37. Эволюцияның қозғаушы күштері Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Тірі табиғат жөніндегі эволюциялық теорияны Ж.Б.Ламарк ұсынды.
Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығып, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудегі негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді.
Биологияда XVII ғасырдың өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тіршіліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы тұтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі биологияда эволюцияның түсініктерінің басымдылығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.
Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға жәндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды.
Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаның бойына жетілуге ұмтылуды, жақсырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғанын ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырып алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенінен мойындамаса да, шыңында төңкеріс жасағанын естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сияқты көрінді.
Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі. Дарвин уақыт өте келе түрлер өзгеруі мүмкін, жаңа түрлер бұрын пайда болған түрлерден пайда болады және барлық түрлердің ортақ ата-бабалары бар деген теория ұсынды.
Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.
Биологиялық алға басу (прогресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мәселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.
Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.
Қарапайым эволюциялық факторлар:
Мутациялық прогресс жаңа мутация мен комбинатцияның пайда болуының нәтижесінде популяциядағы жаңа генотиптің пайда болуына әкеп соғады.
Популяциядағы сандар тербелісі (популяция тербелісі) жеке гендердің концентрациясын өзгертеді, сондықтан кейбір гендердің құрып кетуі мүмкін.
Изоляция - популяциядан популяцияға гендер ағымы тоқталады (шағылысу болмайды), изоляцияның географиялық және экологиялық түрлері болады.
Гендер дрейфі - аллель жиілігінің өзгерісі бағытталмаған кездейсоқ процесс.
Табиғи сұрыпталу - тіршілік үшін күрестің нәтижесі, бір түрдің қарқынды көбеюі және басқа дарақтардың көбеюіне кедергі немесе жойылып кетуі. Нәтижесінде орта жағдайға негұрлым бейім түрлер, дарақтар сұрыпталады. Формалардың көп түрлілігі және сұрыпталудың бағыты тарихи даму процессіндегі шығармашылық рөлдің маңызын арттырады.
Миграция - популяцияның негізгі бір бөлігің орын ауыстыруы, яғни оның генофондын жаңа мекен ортаға тасымалдайды. Жаңа орынға мекендеген пополяция бөлігінің генофонды түрлілігі бұрынғы ескі мекенде қалған популяция генофондынан аз болады.
Негізгі тиімділігі - популяциядағы бір немесе бірнеше белгілердің таралу процесі, қиын, аяқ-қолы жетпейтін жерлерде өмір сүретін дарақтар. Бұл популяцияның дарақтары нақты осы белгіні тарататын бір немесе бірнеше дана есебінде жиі пайда болады.