1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Медициналық ұйымдардағы орталық залалсыздандыру бөлімшесі (ОЗБ) және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру



бет17/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
23.Медициналық ұйымдардағы орталық залалсыздандыру бөлімшесі (ОЗБ) және ондағы медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру.
Орталық залалсыздандыру бөлімшесі дегеніміз жалпы және арнайы практикадағы ірі медициналық мекемелердің құрамына кіретін құрылымдық бөлімше. Ол құрал саймандардың, тігу және таңу материалдарын және медициналық құрал жабдықтарды уақытында залалсыздандыру бойынша ісшараларды қамтитын техникалық кешен болып табылады. ОЗБ ның негізгі міндеті емдік алдын алу мекемелерін залалсыздандырылған медициналық құралдармен қамтамасыз ету және заласыздандыру кезінде қолданылатын әдістерді бақылау. Сонымен қатар ОЗБ ауруханаға келіп түскен құралдарды қабылдайды. ОЗБ екі аймақтан тұрады стерильденген және стерильденбеген. Стирильденбеген аймақтарда залалсыздандыру алдындағы тазартуларды, құрал саймандарды, залалсыздандыруға арналған материалдарды дайындау, қаптау жәнеде құрғақ ауа шкафтарын, бу стерилизаторларын даярлау жүргізіледі. Ал стерильденген аймаққа стерильді материалдарға арналған қойма, стерильді аймақтың қызметкерлеріне арналған зона, стерильді материалдарды беру қоймасы жатады.
Стерилизация дегеніміз физикалық және химиялық препараттарды пайдалану арқылы микроорганиздерді немесе олардың спораларын жою мақсатында қолданылатын іс шаралар жиынтығы. Стерилизация тері және сілемейлі қабаттармен, жаралардың бетімен жанасатын, қанмен немесе биологиялық сұйықтықтармен байланысатын барлық медициналық құрал жабдықтарда жүргізіледі.
Стерилизацияның термиялық, химиялық және радиациялық түрлері ажыратылады. Термиялық стеилизацияға автоклав, ыстық ауалы шкаф және гласперленді әдіс жатады. Ал химиялық стерилизацияға газ әдісі және химиялық қосылыстарды қолдану арқылы жүзеге асады. Клиникада ең көп қолданылатын стерилизацияға бу, ауа және химиялық әдістер жатады.
Бу әдісі арқылы тоттануға төзімді металдарды, әйнектен жасалған құрылғыларды резеңкеден және пластмассадан жасалған материалдарды және латекстерді залалсыздандыруға болады. Бұл әдісте судың температурасын жоғарылату үшін автоклав қолданылады. Автоклавтағы будың температурасы қысымға байланысты.
Ауалы әдіс ыстық ауалы шкафта 120 градус цельсиде 45 мин жүргізіледі. Бұл әдіс арқылы тоттануға төзімсіз металдардан жасалқан құрылғыларды, силиконнан жасалған материалдарды залалсыздандырады. Химиялық стерилизация кезінде көбінесе этим спирті, сутекасқын тотығы және хлоргексидин ерітінділері қолданылады. Бұл термиялық тұрақсыз материалдарды стерилизациялауда қолданылады. Газды стерилизация кезінде этилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалану арқылы термиялық тұрақсыз материалдарды залалсыздандырады. Ал гласперленді әдіс арқылы стоматологиялық бөлімшелердегі құрал саймандарды залалсыздандырады.
ОЗБ да медициналық құралдарды лас аймақтан зарарсыздандырылған жерге, одан таза жерге ауыстырамыз. Бұл процесс белгілі бір орнатылған тәртіппен жүзеге асады. Себебі мұндағы санитарлық режим персоналдың өздігінен материалдарды бір орыннан екіншісіне ауыстыруға мүмкіндік бермейді.
ОЗБ дағы жұмыс тәртібі келесідегідей: материалдарды қабылдау, сұрыптау, дайындау, алдын ала жуу және жоғары деңгейдегі дезинфекция жасау , қажет болған жағдайда жөндеу, залалсыздандыру, орау, сақтау, сұрыптау, жеткізу. Тікелей залалсыздандыру әр түрлі объектілерге қатысты әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады, бірақ олармен жұмыс істеу тәртібі өзгеріссіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет