2. ҚР медицина қызметкерлерінің қолды өңдеу әдістері мен деңгейлері. Қолда түрлі микроорганизмдер болады. Оның ішіде 80-90% ын тұрақты микроорганизмдер құрайды. Олады сабынмен жуғанда уақытша микроорганизмер жойылып, тұрақтылары қалады. Олар науқастармен қарым қатынас жасағанда, оларға зиян келтіріп, ауруханаішілік инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін. Сол себепті медицина қызметкерлері арнайы ережеге сәйкес қолды өңдеу қажет. Қазақстан Республикасының медициналық қызметкерлерінің қолын өңдеу үшін 2013 жылы 23 сәуірде заң қабылданған. Сол заңға сәйкес қолды өңдеудің үш деңгейі ажыратылады.
Біріншісі әлеуметтік, яғни ешқандай антисептикті қолданбай, қолды 10-30 сек аралығында сабынмен ағынды суда өңдеу. Бұл әдіс науқасты тамақтандыру, оған күтім жасау алдында немесе одан кейін, дәретханадан соң, қол ластанғанда, тамақ ішер алдында немесе тағамдармен жұмыс істеген кезде және оны таратуда, сонымен қатар науқастың төсегін ауыстыру кезінде жүргізіледі.
Екіншісі қолды гигиеналық деңгейде өңдеу, ол үшін антисептик қолданылады. Ол жұқпалы аурулармен ауыратын пациенттермен қарым қатынас жасау кезінде, биологиялық сұйықтықтармен немесе қанмен жұмыстеу кзінде, имунитеттері нашар науқастға күтім жасау алдында, иен салу, жараларды таңу, медициналық құралдарды немесе катетерлерді қолдану алдында және одан кейін жүргізіледі. Антисептик ретінде 70% этил спиртін, 4% сулы хлогексидин немесе 0,5% спиртті хлогексидин ерітінділерін қолдануға болады. Бұл деңгейде қолды EN 1500 стандартына сәйкес алдымен сабынмен, содан соң антисептикпен өңдеп, стирильді қолғаптарды кию керек. EN 1500 стандартына сәйкес қолды өңдеуге келетін болсақ, алдымен бірінші қолдың алақанын екінші қолдың алақанына қойып, үйкелейміз. Содан соң бір оң қолдың алқанын сол қолдың сыртқы жағына қойып,саусақтардың арасын ысқылаймыз. Оң қолдың алақанын сол қолдың сыртқы жағына қойып,саусақтардың арасын ысқылаймыз. Одан кейін оң алақанды сол қолдың алақанына қойып, саусақтардың арасын үйкелейміз. Саусақ ұштарын бір- біріне жұдырықтай жауып үйкейміз. Одан кейін оң қолдың бас бармағын дөңгелек тәрізді қимыл арқылы сол қолымызбен үйкейміз, осы кезде білектерді де өңдейміз. Соңында оң қолдың алақынын сол қолдың саусақ ұштарымен дөңгелек тәрізді қимылдармен үйкейміз. Қолды гигиеналық деңгейдк өңдеу кезінде теріде ешқандай жаралар және сақиналар болмау керек.
Үшіншісі қолды хирургиялық деңгейде өңдеу. Бұл деңгей қолғаптар зақымданған кездегі операциялық қауіпті азайту мақсатында қолданылады. Қол өңдеудің мұндай түрі операция алдында, ірі тамырлардың пункциясын жасау және босандыруға қатысу сияқты процедуралардың алдында жүргізіледі. Ол үшін нтисептик, бір рет қолданылатын хирургиялық қолғаптар, сұйық дозаланған рН-бейтарап сабыны және бір рет қолданылатын, стерильді салфеткалар қажет. Бұл кезде қатаң түрде асептика ережелерін ұстану қажет. Қолды хирургиялық емдеу үш кезеңнен тұрады, олар:
1. қолды кептіре отырып, механикалық тазарту;
2. қолды тері антисептикімен екі рет дезинфекциялау;
3. қолды бір рет қолданылатын қолғаппен сүрту.