19.Пациентті тасымалдау. Адам денесінің биомеханикасы. Пациентті тасымалдау дегеніміз емханаларда науқасты бір бөлімшеден екіншісіне көшіру. Өздігінен қозғала алатын науқастарды бір бөлімшеден екіншісіне медбикелер немесе санитарлық қызметкерлер ертіп апарады. Ал физикалық мүмкіндігі шектеулі науқастарды қоларба, зеңбіл, каталка секілді арнайы құралдардың көмегімен тасымалдайды. Науқасты зеңбілде тасымалдағанда абайлап, селкілдетпей тасымалдау керек. Сонымен қатар миына қан құйылған науқастарды зеңбілге шалқасынан, ес түссіз болса басын бір жақа қаратып, күйік кезінде барынша сау жағымен, кеуде немесе бел омырқасы зақымданса етбетіннен төмен қаратып, жамабас сынса аяғының арасын ашып, тізесінің астына жастықша қойып, шалқасынан жатқызып тасымалдау керек. Науқасты тасымалдау кезінде медициналық қызметкерлер келесі ережелерді ұстану керек:
Науқасты көтермес бұрын, оны қауіпсіз қалыпқа келтіру;
Науқастың салмағы мен қозғалыс бағытына қарай тепе - теңдікті сақтап қауіпсіз, ыңғайлы қалыпта тұру;
науқасты ұстау үшін арқаны тік ұстап, науқасқа мүмкіндігінше жақын тұрып, қозғалысты басқа көмекшілермен бір ырғақта жасау керек;
науқастың жамбасын не денесін күші көп адамға ұстату керек.
Науқсты тасымалдаудың тағы бір ыңғайлы әдісі орындық арбаның көмегімен тасымалдау. Мұндай арбамен көбінесе әлсіреген немесе жасы келген қарт кісілерді тасымалдайды. Қауіпсіздік мақсатында орындық арбаның бұзылмағанын тексеріп, науқасқа оған отырудың ережелерін түсіндіру керек.
Жалпы медициналық қызметкерлер науқастарды тасымалдау барысында немесе ауыр заттарды көтеру кезінде тірек қимыл жүйесін зақымдап алуы мүмкін, сол себепті олар биомеханиканың ережелерін сақтау керек. Жалпы биомеханиканың медициналық қызметкерлерге аранлған ережелері мынандай:
Ауыр күш түскендер тепе теңдік тұрақты болу үшін өкшелердің арасы 30 см кем болмау керек.
Медициналық қызметкерлердің омыртқа жотасы зақымданбас үшін, әрдайым денесін тік ұстап жүру керек.
Отырған кезде жауырын әрдайым орындықтың артына тиіп тұру керек және бел аймағына матадан жасалған жастықша қою керек және орындықта отырғанда аяқ жерге тиіп тұру керек, егер тимесе аяқтың астына кішкентай табуретка қоя керек.
Тұрған кезде атқаны тік ұстап, кеудені немесе басты төмен түсірмеу керек.
Жатқан кезде тегіс әрі жартылай жұмсақ төсекке жату керек. Сонымен қатар артпен қатқан кезде бел аймағына және бір қырымен жатқанда тізе араларына оралған сүлгі немесе жастықшалар қою керек.
Ауыр заттарды иықтан көтеруге, еңгейюге және бұрылуға болмайды.