1. Кіріспе. Дәрігер бейнесі-дәрігер мамандығының адамгершілік принциптері. Кәсіби этика және деонтология


Егде жастағы пациенттердің күтімі



бет23/23
Дата04.11.2023
өлшемі54,12 Kb.
#121812
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
30.Егде жастағы пациенттердің күтімі
Геронтология- организде болатын қартаю белгілерін зерттейтін ғылым. Геритария- жасы келген адамдардың аурауларын зерттейтін клиникалық медицинаның бір бөлімі. Егде жастағы адамдарға күтім жасағанда медициналық қызметкер деонтология ережелерін ұстану керек. Олар арнайы күтімді қажет етеді. Осы топқа кіретін науқас сипаттамасы: жоғарғы нерв қызметтерінің бұзылуығ , есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұйқының бұзылуына, көңіл-күйі үнмі өзгеріске ұшырап отырады. Сыртқаның жеке бас гигиенасы: пациенттің төсек-орны таза болу керек. Төсек жаялықтарын жуып тұру керек. Кушеткалар арақашықтығы 1,5м болғаны дұрыс. Мұрын күтімі: пациент мұрын қуысын өз бетінше тазалай алмағанда, медициналық қызметкер күнділікті тазалап, керек емес қалдықтарды шығарып тастау керек. Ол үшін науқастың басын шалқайтып ұстап тұруын сұрап, мұрын қуысына вазелин ерітіндісіне батырлыған мақтаны енгізіп 2-3 минуттай сүрту керек. Шаш күтемі: пациент басын 7-10 күн ішінде жуу қажет. Төсектен қолғала алмайтын болса төсек үстінде жуады. Көз күтімі: егер науқас көзінен ірің ағатын болса, кірпіктері жабысып қалатын болса, көзді 3% бор қышқылымен өңделген дәкемен сүртеді. Көзі ауырса дәрі тамызып, жақпа-майлар жағады. Егде науқастарды тамақтандыру: бұндай науқастар дұрыс және пайдалы тамақтану керек, өсімдік майларын көбірек қолдану керек, дене салмағына байланысты нәруыз қажетті мөлшерін пайдалану керек, ас тұзды көп пайдалануды шектеу керек.Ұйқысыздық: көбінесе осы адам жасы ұлғайған сайын ұйқы проблемаларына жиі ұшырайды. Дәрігерлер тек қажет болған жағдайда ғана ұйықтататын дәрілер беру керек. Гериатриялық бөлімшелердің дәліздері кең болуы керек және артық заттар алынып тасталуы керек, егде науқастар жүріп тұруы үшін арнай сүйеніштер болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет