36.Сутегі атомындағы электронның L импульс моментінің координатадағы анықталмаушылығын табу керек.
37. Ge германийдің рұқсат етілмейтін зонасының ені шамамен . Қандай толқын ұзындығы кезінде Ge электромагниттік сәулеленуді жұта бастайды?
38. T=0K температурадағы металдағы (мыс) еркін электрондар ие болатын энергияны (Ферми энергиясын) анықтаңыз.
39.Сутегі атомын ионизациялайтын потенциалды анықтаңыздар(13,6В).
40. Орташа квадраттық жылдамдықтың формуласын пайдалану арқылы, 300K бөлме температурасында еркін электронның жылулық жылдамдығын табу керек. ( м/с)
41. Бөлшек ені шексіз терең бірөлшемді шұңқырда екінші энергетикалық деңгейде орналасқан. Шұңқырдың қай нүктелерінде бөлшектің табылу ықтималдығының тығыздығы ықтималдылықтың классикалық тығыздығына тең болады?
42.Қозған күйдегі атомның орташа өмір сүру уақыты 10нс. Атомның деңгейлерге өзара өту кезіне сәйкес келетін спектрлік сызықтардың табиғи енін есептеу керек.