Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репродукциялануы кезінде ядроның бөлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижелерінде клеткада хромосома саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады. Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы клеткадағы олардың санының өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп еседі, бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс политения деп аталады. Ол эндомитоздың жеке жағдайынан тү-рады. Политенді хромосомада жіпшелер саны 1000—2000 шамасына жетеді. Бұл кезде аса зор алып хромосомалар түзіледі. Политения құбылысы бірқатар диффереицияланған ткань клеткаларда байқалады және ол клетка ядросының ерекше байланысты болады.
Клетканың белінуі процесіндегі болатын ерекше ды бағалау үшін,
хромосоманың құрылысын және ұдайы дамып отыруын яғни оның
репродукциясын жан-жақты қарастыру қажет.