1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары



бет26/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

22. Цитоқаңқа және оның кинетикасы.

Цитоқаңқа немесе клетка қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады.Микротүтікшелер клетканың бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Әрбір микротүтікше диаметрі 20-30 нм іші қуыс цилиндр тәрізді. Олардың қабырғалары 6-8 нм. Микротүтікшелер  қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер          a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль клетка орталығында жасалады.Көптеген микротүтікшелер центриольдерге қатысты радиальді бағытта болады. Осыдан барып олар цитоплазмаға тарайды. Олардың бір бөлігі плазмалемманың астында орналасады да, сол жерде микрофиламенттердің шоқтарымен бірге терминальды тор құруға қатысады.Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның сүйеуші құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Мысалы, бұл қасиетті сыртқы ортамен байланыстыратын эпителий ұлпаларынан байқауға болады.Микротүтікшелер клеткаішілік зат тасымалдауға қатысады. Микротүтікшелердің қабырғасына өздерінің бір ұшымен қысқа тізбек түзетін ақуыз молекулалары жалғасады, олар белгілі бір жағдайларда өздерінің кеңістіктегі конфигурацияларын өзгерте алады. Бейтарап жағдайда тізбек қабырға бетіне параллель орналасады. Бұл жағдайларда тізбектің бос ұшы гликокаликстегі бөлшектермен қосылыс түзулері мүмкін.Осындай бөлшектерді қосқаннан кейін ақуыз өз конфигурациясын өзгертіп, қабырғадан алшақтайды да өзімен бірге бөлшектерді ала кетеді, алшақтаған тізбек бөлшекті өзінің үстінде жатқан тізбекке, ол өзінен кейінге т.с.с. тасымалдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет