21. Эритроциттердің атқаратын қызметтерін, құрылысын түсіндіріңіз.
Қанның қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритос-қызыл) деп аталады. Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әртүрлі қызметтерін қанда емес, дәнекер ұлпасында атқарады.
Эритроциттерді 1673 жылы Левенгук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Ерлердің 1мм қанында 5 млн-ға жуық, әйелдерде 4-4,5 млн эритроциттер болады. Адам олрганизміндегі эритроциттерінің саны 25 триллион. Адамдағы эритроциттердің шамасы 2 литр. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1мм қанындағы эритроциттердің саны 6-7 млн-ға жетеді. 10-11 жасқа келгенде қалпына келеді. Адам қартайғанда қайтадан көбейеді, оның себебі олардағы гемоглабиннің азайуының салдарынан. Эритроциттер-оттегін тасушы болып есептеледі. Эритроциттер қан плазмасының құрамындағы тұздарға сезгіш. Егер қанның плазмасында тұздардың мөлшері көбейсе онда эритроциттер жиырылып бүрісіп қалады, өйткені құрамындағы суды гипертониялық ерітіндіге береді. Гипертоникалық ерітіндіде ісінеді, олардан гемоглабин сыртқа шығады (гемолиз) одан кейін К ионы клеткаға енеді. Дені сау адамдарда күніне 200 миллиард эритроциттер өледі. Олар негізінде көк бауырда өледі. Бұл органда эритроциттер ерекше клеткалармен қоршалынып алынады (макрофагтар) олар эритроциттерді қортып жойып жібереді. Қан плазмасында белоктар 6-8%, су 90% құрайды. Глобулиндер-антиденешіктер қорғаныштық қызмет ал гормондар реттеуші қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |