1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Сүйек ұлпасының құрылысы мен қызметтерін атаңыз



бет12/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

10. Сүйек ұлпасының құрылысы мен қызметтерін атаңыз

Сүйек ұлпасы - тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала алатын клеткалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі затының 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70% бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйектің негізгі бейорганикалық компоненті гидроксиаппатит, сонымен бірге түрлі мөлшерде натрий, магний, калий, хлор, фтор, карбонаттар, мен ниттраттар. Сүйекте минералдық тұздардың көп болуы оның оның мықтылығын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге қан мен басқа органдардағы кальциймен фосфордың қалыпты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың сүйек ұлпасында организмде болатын барлық кальцийдің 97%дерлігі жинақталған. Кальций инертті материал емес. Сүйекте үнемі күрделі өзгерістер жүріп жатады. Кальций жетіспеген жағдайда қаңқаның дамуында елеулі бұзылыстар байқалады. Сүйектің құрамында көп мөлшерде су мен липидтер болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет