1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары



бет10/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Ретикулалы дəнекер ұлпасы ретикулоциттерден жəне ретикулин талшықтарынан тұрады. Бұл ұлпаның аты латынның "ретикулум" (тор) деген сөзінен шыққан. Құрылысы жағынан мезенхимаға ұқсас. Клеткалары тармақтарымен байланысып тор құрайды. Тордың қуысында ұлпалық сұйық зат болады. Сонымен бірге көп мелшерде кан клеткалары да кездеседі. Ретикулалық ұлпаның мезенхимадан айырмашылығы, клеткалардың бетінде орналасқан коллаген белогінің фибриллалары мен фибриллаларды байланыстыратын аморфтық, клеткааралық заттың ішінде ретикулалық талшықтар болады. Ретикулалық талшықтар коллагендік талшықтардан амин қышқылдарының сандық қатынасы жағынан ажырайды жəне ретикулалық талшықтарда қышқыл мукополисахаридтер болмайды, липиттер көп болады. Ретикулалық ұлпа организмнің көптеген жерінде, əсіресе сүйек майында, көк бауырда, лимфа бездерінде, ішектің кілегейлі кабықшасында, мойынның баданша бездерінде көп болады. Осы ұлпаның қуыстарында гемоцитобласттар жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет