1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрылысын, қызметтерін атаңыз



бет8/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
Клеткалар мен ұлпалар биологиясы

7. Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрылысын, қызметтерін атаңыз

Дәнекер ұлпасы  — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты.

Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.

Дәнекер ұлпасының бұл түрі адаммен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллагендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары : фибробластлар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигменттік клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткаларыда кезедеседі – лимфоциттер, плазмоциттер, және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты заттан тұрады.

Талшықтар ұлпаға мықтылық пен серпімділікті қамтамасыз ететін қасиет береді. Талшықтарын үш түрін ажыратады: коллагендік, эластиндік және ретикулалық. Коллагендік талшық берік келеді және тармақталмайды. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагендік деп атаған. Эластинді талшықтар эластин белогінен түзілген, физикалық қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды. Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға қарама – қарсы. Олар өте созылмалы және оңай үзіледі.

Фибробластлар борпылдақ, қалыптаспаған дәнекер ұлпасының негізгі жасушалары. Фибробластлар мезенхимадан немесе перициттерден пайда болады. Бұлар – ірі жалпайған көп өсінділі жасушалар. Фибробластлар жасушааралық заттың түрлі компоненттерін синтездейді, бірақ бұлар коллагендік, эластиндік талшықтар мен аморфтық жасушааралық затты түзуші бір ғана жасушалар емес. Жіктеле келе фибробластлар бірте – бірте қартайып, көбею қабілетінен айрылып, фиброцитке айналады. Бұлар даму кезеңі аяқталған фибробластлар. Фиброциттер бөлінбеген мен, жасушааралық заттың белгілі мөлшерін бөлу қабілетін сақтайды. Гистиоциттердің борпылдақ дәнекер ұлпасындағы саны шамамен фибробластлардай болады. Функциясы жағынан фибробластлардан өзге, дәнекер ұлпасының жасушааралық затын құрамайды, трофикалық және қорғаныш рөлін атқарады.

Борпылдақ дәнекер ұлпада гистиоциттер ұсақ қан тамырлары мен май клеткаларының жиылған жерінде байқалады. Қабыну процестері кезінде гистиоциттер қабыну ошағына жиналып, бөгде денелер мен белоктарды фагоцитоздап, лизосомалардың гидролиздеуші ферменттерінің көмегімен оларды қорытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет