1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Клеткалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері



бет3/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
3.Клеткалар мен ұлпаларды зерттеу әдістері.

Цито-я мен гисто-ғы негізгі қолданылатын әдіс-ің бірі-клеткалар мен ұлпа-ды әртүрлі микроск-р арқылы зерттеу. Сондықтан, ең алдымен әртүрлі микрос-ң жұмыс істеу әдістерін жазып шықсақ. Микроскопия әдістері. Жарық микроскоп. Жарық микроскоптың оптикалық жүйесі конденсор, обьектив және окулярдан тұрады. Микрос-ң айнасына түскен жарық сәулелері конденсорда жиналып обьектіге (кесіндіге) түседі. Обьектіден өткен жарық сәулелері обьективтің линзаларына түсіп одан кейін окулярда жиналады. Фаза-контрастық микроскоп. Фаза-контрастық микроскоп тірі клеткаларды зерттеуде кеңінен қолданылады .Жай микроскоп арқылы боялмаған тірі клеткалар анық көрінбейді. Фаза-контрастық микроскоптың объективінде арнайы пластинка қойылған. Жарық сәулесі сол пластинкадан өткенде өзінің тербеліс фазасын өзгертіп, жарық амплитудасында өзгертеді. Поляризациялық микроскоп. Изотропиясы бар объекттерді поляризациялық микроскоп арқылы зерттейді. Люминесценттік микроскоп. Люминесценттік микроскоп ультракүлгін жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы 270-400 нм(0,27-0,4мкм). Электронды микроскоп. Электронды микроскопта жарықтың орнына электрон сәулелері қолданылады. Электрон сәулелерінің толқын ұзындығы 0,005 нм. Электронды микроскопты 1931 жылы Девиссон мен Калбек Германияда шығарған. Ультрамикротом. Электронды микроскоп арқылы тек өте жұқа препараттарды зерттеуге болады. Тірі клеткаларды зерттеу әдістері. Жарық микроскоп арқылы тірі клеткаларды зерттеуге болады.Клеткаларды заттық шыныға қойып арнайы сұйық ортада зерттейді. Тірі клетканы зерттеудегі тағы бір әдіс-микрохирургия. Фиксацияланған клеткаларды зерттеу. Тірі клеткаларды зерттеу қаншама ынталандыратын, қызықты болсада, клетка туралы көптеген ғылыми жаңалықтар тірі емес, арнайы бекітілген (фикцасияланған) клеткалардан ашылған. Клеткалардың ішіндегі күрделі құрылыстар тек қана арнайы бояулармен боялғанда ғана жақсы анық көрінеді.Клетканың химиялық құрамын гистохимия және цитохимия әдістерімен анықтауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет