Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады
Жасушалық (плазматикалық) мембрана – қалыңдығы 7,5-10 нм болатын нәзік, майда және эластикалық құрылым. Негізі белоктар мен липидтерден тұрады. Оның компоненттерінің жуықталған қатынасы: белоктар — 55%, фосфолипидтер — 25%, холестерол — 13%, басқа липидтер — 4%, көмірсулар — 3%.