57. Қанның химиялық құрамы
Қан ішкі орта ұлпасына жататын сұйық болып келетін ұлпа. Оның клеткааралық заттары 55 % плазма, және формалы элементтері 45% эритроциттер, лейкоцитттер, тромбоциттер. Қан жүрек және қан тамырлары арқылы үнемі қозғалыста болады. Қан тамырларынан тыс жерде олар коагуляцияға ұшырайды, яғни тез ұйып қалады. Плазма 90-93% судан және 7-10% органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Олардың ішінде 6,6-8,5% белок және 1,5-3,5% басқа да органикалық пен бейорганикалық заттар. Қанның плазмасындағы негізгі белоктарға альбуминдер, глобулиндер, фибриноген жатады. Оларға қоса қоректік заттар(глюкоза, амин қышқылдары, май қышқылдары), зат алмасудың соңғы өнімдері(несепнәр, билирубин), минералды заттар(ион және микроэлементтер) және гормондар болады.қанның формалық элементтері эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер немесе қан пластинкалары болады. Барлық осы клеткаларды Май-Грюнвальд-Гимза әдісімен боялған қанның жағындысынан көруге болады. Олардың ішінде көп мөлшерді болатыны қызыл қан түйіршіктері немесе эритроциттер. Оның ядросы болмайды және цитоплазмасы органоидтарға кедей болып келеді. Эритроциттер газ тасымалдауға маманданған, осыған орай оның құрғақ қалдығын 95% гемоглобин құрайды. Соымен қатар олар өздерінің беткейінде абсорбцияланатын амин қышқылдарының, антиденелердің, токсиндердің, дәрілердің тасымалдануына қатынасады. Тромбоциттер де қанның тұрақты компоненті. Оның да ядросы болмайды пішіні домалақ, сопақ, ұршық пішінді. Олар 1мм3 қанда 200мың 400мың шамасында болады. Оның қызметі қанның ұюын және тұрақтылығын ұстап тұру. Белсенді жағдайда олар әр түрлі пішінді аяқтарын түзеді. Лейкоциттер немесе ақ қан клеткалары қорғаныштық жүйесіне жатады. Олардың негізгі пішіні шар тәрізді, бірақ кейбір мүшелерде амеба тәрізді болады. Морфологиялық жағынан жіне атқаратын қызметіне байланысты лейкоциттерді екі топқа бөледі:1.түйіршікті лейкоциттер немесе гранулоциттер;2.түйіршіксіз лейкоциттер немесе агранулоциттер. Гранулоцитттерге – нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер жатады. Агранулоциттерге – лимфоциттер мен моноциттер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |