Сурет 1.6 - Логистикалық үдерістердің инфрақұрылымы
Қазіргі уақытта макроэкономикалық деңгейдегі
инфрақұрылым ретінде
халық шаруашылығының негізгі (базалық) салаларының тиімді қызмет
атқаруы үшін қажет болып табылады. Соны құру мақсатында экономиканың
өндірістік және өндірістік емес аумақтарына қызмет көрсететін салалардың,
құрылыстар
мен
қызмет
түрлерінің
жиынтығы
қарастырылады.
Микроэкономикалық деңгейде инфрақұрылымды қалыптастырушылардың
нақты мазмұны қызмет көрсетудің нақты объектілерімен алдын ала келісілген.
Олар нарықтың қызмет атқарушы субъектілері болып табылады:
өндірістік
және көтерме-саудалық кәсіпорындар.
Еліміздің нарықтық экономикасы аймақтардың инфрақұрылымына
жүйелі түрде бөлінеді [49]. Аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындар
мен ұйымадардың аймақтық құрылымдық желіні құрады. Аймақтық
экономика инфрақұрылымының құраушы элементтерінің ішкі жүйелерінен
тұрады. Осындай аймақтық ішкі жүйелердің
бірі аймақтың экономикалық
кеңістігіндегі логистикалық желінің ішкі жүйесі болып табылады немесе
аймақтық логистикалық инфрақұрылым деп аталады. Материалдық,
қаржылық және ақпараттық ағындар мен адамдардың орын ауыстыруы кезінде
пайда болатын мәселелер тиімді қызмет етудің жеткіліксіздік белгілері ретінде
танылады.
Максимов С.Ю. пікірі бойынша көлік инфрақұрылымының құрамы мен
қалыптасуы өндіріс, бөлу, айналу және қолдану
салаларын бір тізімге
тізбектей қосып біріктіру. Аймақтық экономикадағы материалдық, қаржылық
және ақпараттық ағындардың жеделдетілген айналымын қамтамасыз ету
ретінде қарастырылады.
Бұл анықтамадан шығатыны көлік инфрақұрылымының құрамына
көліктің әртүрлі түрлерінің коммуникациясы кіреді [24]:
- көліктің барлық түрлері қоғамдық және қоғамдық емес қолданыстағы
көліктер желісі;
- барлық көлік түрлерінің, жеке көлікті қосқанда да жылжымалы құрамы;
- көліктің барлық түрлерін басқару жүйесі;
- экономиканың осы саласындағы еңбек ресурстары;
- көлік түрлерінің көліктік желісін
жақтаушы және пайдаланушы
көліктік-жолдық кәсіпорындар;
- автокөлік жолдары, теміржол қатынас жолы, аспалы және арқанды
жолдар, дара рельсті және тар табанды жолдар, ішкі кеме жүретін жолдар, ауа
және
теңіздік байланыс жолдары, мұнай өнімдерін, газды және мұнайды
ауыстырып құю құбырлары, сонымен қатар жабыдықтаушыдан тұтынушыға
өнімді жеткізу үдерісіне қатысатын ауыл шаруашылығының басқа да көліктік
цехтары мен аумақтары.
Басқаша айтқанда, аймақтық көліктік инфрақұрылымға көліктің барлық
түрлерінің оның құрастырушы бөлшектері кіреді. Сонымен қатар өнімді
немесе тауарды жабдықтаушыдан тұтынушыға
жіберу саласында жұмыс
істейтін ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қызмет көрсететіндердің
барлығын жатқызуға болады (сурет 1.7).
Қазіргі уақытта көлік және сәйкесінше көліктік инфрақұрылым таза
күйінде жүкті жіберушіден соңғы тұтынушыға жеткізудің тиімділігін
қамтамасыз ете алмайды. Ол үшін көлік кешені немесе көлік жүйесі
логистикалық жүйемен бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Сондықтан да
Достарыңызбен бөлісу: