1. Компьютерлік жүйелерге шолу



бет5/6
Дата19.09.2022
өлшемі24,87 Kb.
#39445
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6
11.Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің
нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі.
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен
шыққан, мағынасында мәлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді.

12.Компьютер қандай ақпаратты пайдаланады?
мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер

13.Санау жүйесі дегеніміз не?
Санау жүйесі - сандарды атау және цифрлық символдар арқылы белгілеу
әдістерінің жиынтығы. Санау жүйелері екі топқа бөлінеді : позициялық
және позициялық емес.
Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдық мәні оның алатын
орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде
римдік жүйені алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х
цифры кез келген позицияда 10-ды білдіреді.(римдик)
Позициялық санау жүйесінде цифрдық мәні оның орнына байланысты
болды. Позициялық мән санау жүйесінің негізінде дәрежесі арқылы
анықталады. Позициялық санау жүйесінің негізі деп қолданылатын
цифрлар санын айтады.(2лик,8дик,10дык,16лык)
14.Ақпарат үшін өлшем бірлігі дегеніміз не?
Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Бит 0 немесе 1 қабылдай алатын екілік разряд.
Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең.
Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз
бит қажет (256=2^8). 1 байт — бір символды ( әріпті, санды, белгіні) бейнелейтін
ақпарат өлшем бірлігі. Байт компьютердің жадына жазылады, бір тұтас ретінде оқылады және өңделеді.
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 2^10 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 2^20 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 2^30 байт.
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 2^40 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 2^50 байт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет