1. Комп\к желі тур түсінік. Желі тип\і. Нег топология\р Компьютерлік желі



бет6/11
Дата10.12.2023
өлшемі215,63 Kb.
#135966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Apple Talk

Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.


Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ
беріліс типі таржолақты
ену әдісі CSMA/CА
деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с
кабельдік жүйесі UTP,оптикалық талшықты кабель
Apple Talk клиент-серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар ж\е принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші н\е қызметші құрылымдар деп(servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) д.а. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады.
Apple Talk бірнеше желілік объектілерді теңестіреді. Ең қарапайымы–Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады.


5.Internet желісі. Модемдерді қолдану. Алыстан қатынасу. Жергілікті есептеу желілерін созу. Репиторлар.
Интернет – дүниежүзілік компьютерлік желі. Желідегі стандартты адрестің құрылымы: www.mgd.kz
www–Желідегі Web адресінің префиксі, mgd–сервер тақырыбына тікелей байланысты, көбінесе сервер тақырыбынан туындап таңдалатын компания н\е фирма иесінің атауы. kz–сервердің жағрафиялық орналасуын көрсететін мәліметтен тұратын домен, м\ы: kz–Қазақстан, ru-Ресей, н\е ұйым иесінің айналысатын қызметінің түрін білдіреді, мысалы: com-коммерциялық кәсіпорын, gov-мемлекеттік мекеме, mіl–әскери құрылым, org-коммерциялық ұйымдарға жатпайтындар, edu–білім беру мекемелері, net- желілік қызмет.
Модем д\з – компьютерлерге телефон байланысы арқылы деректер жіберуге мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің функциясы–жіберуші модем цифрлік сигналды аналогтық сигналға өңдейді, ал қабылдаушы аналогтықты цифрлікке кері өңдейді.1980-жылдардың басында Hayes Microcomputer Product, Inc компаниясы Hayes Smartmodem деген ат берілген модемді жасап шығарды. Ол басқа модемдерге бағыт беретін стандартқа айналды. Бастапқыда модемнің жылдамдығы секундына жіберілген битпен н\е «бод» деп аталатын бірлікпен есептелді. Бұл бірлікке француздың офицер-байланысшысы Ж.Бод-тың аты берілген. Байланыстарды синхронизациялауды басты шарт ретінде қарастыра отырып, бұл орталарды 2 типке бөлуге болады.
Асинхронды (тізбектелген) модем, стандартты телефон жолдарында қолданылатын асинхронды байла­нысты пайдаланады.Синхронды модем 2 құрылғы арасында келісілген синхронизациялау үрді­сіне негіз­дел­ген. Оның мақсаты–блокпен жіберу барысында биттерден кадрлар деп аталатын топты бөліп алу. Синхронды модемдердің құны жоғары және күрделі болғандықтан, жеке үй жағдайында пайдаланбайды.
Іnternet Ехрlоrеr-ді Іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.
Мұндайда 3 терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс. Сіздің желідегі аты-жөніңіз ж\е пароль, оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сеанс алдындағы ең соңғы әрекет "Байланыс орнату" батырмасын басу. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет