1. Комп\к желі тур түсінік. Желі тип\і. Нег топология\р Компьютерлік желі



бет3/11
Дата10.12.2023
өлшемі215,63 Kb.
#135966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
seti zhondelgen

1)Физикалық деңгей OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгей­лер­ден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл дең­гейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі ж/е де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған.
2)Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физика­лық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логи­ка­лық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлар­дың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.
3)Желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге ж/е логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.
4)Транспорттық деңгей пакеттердің өз адреса­тына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.
5)Сеанстық деңгейде желідегі 2 қосымша арасында байланысқа қажет­ті атауларды түсіну ж/е қорғау орындалады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан ж/е қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.
6)Көрсету деңгейі (Presentatіon) желілік компьютерлер ара­сын­да деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, олар­ды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға не/се өзгер­туге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады.
7)Қолданбалы деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды ж/е файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәлімет­тер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) д.а.


3. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet технологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет