1. Комп\к желі тур түсінік. Желі тип\і. Нег топология\р Компьютерлік желі


Жергілікті есептеу желілерін созу



бет7/11
Дата10.12.2023
өлшемі215,63 Kb.
#135966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жергілікті есептеу желілерін созу
Компаниялар дамыған кезде, олардың желілері де өседі. Жергілікті желілердің өздерінің алғашқы жобасынан озатын қасиеті бар. Бұл ақиқатқа айналады, егер:

  • желі трафигі өткізу мүмкіндігінің шегіне жетсе;

  • баспаға берілген келесі тапсырманың өз кезегін күту уақыты артса;

  • желіде қарқынды жұмыс істейтін қосымшалардың жауап беру уақыты ұлғайса, м\ы, деректер қоры.

Администраторға, ерте ме кеш пе, желінің өлшемін ұлғайтуға н\е жұмыс өнімділігін арттыруға тура келеді. Желіні оған жаңа компьютерлерді қарапайым қосу н\е қосымша кабель жүргізу арқылы ұзарта беруге болмайды. Кез-келген топологияның н\е архитектураның өз шегі бар. Дегенмен, жұмыс істеп тұрған ортада желіні ұзартуға арналған құрылғылар бар.
Репитер–электрлік сигналдарды күшейтетін құрылғы. Репитер OSI үлгісінің Физикалық деңгейінде жұмыс істейді, ол сигналдарды қалпына келтіріп, басқа сегменттерге жібереді. Бұл–желіні ұзартудың ең арзан жолы. Желіні сегменттің ұзындығына дейінгі қашықтыққа ұлғайтқан н\е түйіндер санына қойылған шекті қанағаттандыру қажет болған жағдайда репитерлерді пайдаланған жөн. Бірде бір сегмент асып кеткен трафикті генерацияламайды, ал желі құны–бас фактор.


6. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Көмейлер
Көпір (bridge)–сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Ол коммутаторға дейін пайда болды.
Көпірдің мақсаты:желінің өлшемін ұлғайту;желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру; желідегі тар жолдарды жою; желідегі әртүрлі сегменттерді қосу; әртүрлі физикалық таратушыларды қосу. Көпірлер OSI үлгісінің Арналық деңгейінде жұмыс істейді, сондықтан бұл үлгінің өзінен жоғары жатқан деңгейлеріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады. Бір хаттаманы екіншісінен ажыратпай, желіде барлық хаттамалардың жұмыс істеуін қолдайды. Кез-келген хаттама көпір арқылы өтетіндіктен, әрбір компьютер өзінің қандай хаттамамен жұмыс істейтіндігін өзі анықтауы керек. Ортаға енуді басқару деңгейінің көпірлері келесі қызметтерді атқарады: барлық трафикті «тыңдайды»; әрбір пакеттегі жіберуші мен қабылдаушының адрестерін тексереді; бағыттауыш кестесін құрады; пакеттерді жібереді. Көпірдің қызметі фильтрация б.т.Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі. Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді. Егер желіні ұзарту үшін көпірді пайдаланатын болсаңыз, келесі фактілерді есте ұстау керек:1.көпірлерде репиторлардің барлық мүмкіндіктері бар; 2.екі сегментті қосады және сигналдарды пакеттер деңгейінде қалпына келтіреді; 3.OSI үлгісінің Арналық деңгейінде қызмет етеді; 4.беріліс жылдамдығы 56 Кбит/с-тан аз ортада жұмыс істемейді; 5.бір мезетте бірнеше бағытты пайдалана алмайды; 6.желінің артық жүктелуін есепке ала отырып, кең таратылатын хабарламаларды өткізеді; 7.әрбір пакет үшін жіберу көзінің адресін және қабылдаушының адресін оқиды; 8.қабылдаушының адресі көрсетілмеген пакеттерді де жібереді;Көпірлердің негізгі қызметі: желіні ұзарту үшін немесе түйіндер санын арттыру үшін екі сегментті қосады; желіні сегменттерге бөлудің есебінен трафикті азайтады; әртүрлі желілерді қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет