1. Комп\к желі тур түсінік. Желі тип\і. Нег топология\р Компьютерлік желі



бет4/11
Дата10.12.2023
өлшемі215,63 Kb.
#135966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
seti zhondelgen

Желілік технология д\з–есептеу желісін құруға жеткілікті келісілген стандартты хаттамалар тобы және оларды орындайтын программалық–аппараттық жабдықтар(м\ы, желілік адаптерлер, драйверлер, кабельдер ж\е разъемдер). Негізгі желілік технологиялар: Ethernet, Тoken Ring, Apple Talk ж\е Arc Net
Ethernet–жергілікті желі құрастыру мақсатында өте кең тараған технология түрі. Ethernet стандарты 1980 жылы қабылданды. Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады.  Ethernet бөлінетін деректердің беріліс ортасына кездейсоқ ену принципіне негізделген. Бұл орта ретінде жуан н\е жіңішке коаксиал кабель, шиыршықталған жұп, оптикалық талшық н\е радиотолқындар қолданылады.
Ethernet желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы сызықтық шина
басқа топологиясы жұлдызша-шина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі CSMA/CD
деректерді жіберу жылдамдығы 10 және 100 Мбит/с
кабельдік жүйесі жуан және жіңішке коаксиал, UTP
Ethernet желісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артықшылығы–оның үнемділігінде. Желіні құру үшін әр компьютерге бір-бірден желілік адаптер ж\е коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің ж\е деректер берілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті–оның жеңіл ұзаруында, яғни желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға болатындығында. Ethernet желісі кабельдер мен топологиялардың әр түрін пайдаланады. Ethernet желісінің 4 түрлі топологиясын атап кетсек
1. 1990 жылы 10BaseT шиыршықталған жұбы негізінде Ethernet желісін құруға арналған 802.3 спецификациясы жарияланды (10–беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с, Base–таржолақты, Т–шиыршықталған жұп). Осындай типті көптеген желілер жұлдызшаның негізінде құрылады, бірақ сигналдарды жіберу жүйесі бойынша шинаға ұқсас келеді. Әдетте желінің концентраторы 10BaseT көппортты репитер сияқты қызмет атқарады. Әрбір комп.кабельдің концентратор қосылған ұшына бекиді және сымның екі жұбын пайдаланады: біреуі – қабылдау үшін, екіншісі –жіберу үшін. 10BaseT сегментінің максималды ұзындығы–100 м. Кабельдің минималды ұзындығы – 2,5 м. 10BaseT ЖЕЖ 1024 компьютерге қызмет көрсете алады.
2. 10Base2 (10 – беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с, Base – таржолақты, 2 –100 метрден екі есе артық қашықтыққа беріліс). Бұл типті желі жіңішке коаксиал кабелге негізделген, минималды ұзындығы 0,5 м. Компьютерлердің максималды саны – 30.
3. 10Base5 (10–беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с, Base – таржолақты, 5–әрқайсысы 500 метрден 5 сегмент)–бұл стандартты Ethernet. Желілер жуан коаксиал кабель негізінде көбінесе «шина» топологиясын қолданады. Жуан Ethernet магистральды сегментте 100 түйінге дейін қолдай алады. Магистральды сегмент (магистраль)–жұмыс станцалары мен репитерлар қосылған трансиверді біріктіретін бас кабель.
4. 100BaseХ (100 – беріліс жылдамдығы 100 Мбит/с, Base –таржолақты, Х– кеңейтілуі) – қазіргі бар Ethernet стандартының кеңейтілуі. UTP-ның 5–категориясының негізінде құрылған, ену әдісі–CSMA/CD және барлық кабельдер концентраторға қосылған «жұлдызша-шина» топологиясын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет