1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Асқазан. Фундальді бөлігі. Бояуы - Конго-Рот



бет9/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
13. Асқазан. Фундальді бөлігі. Бояуы - Конго-Рот


1-кілегейлі қабығы
2-асқазан шұңқыры
3-асқазанның меншікті бездері
4-кілегейлі қабығының етті пластинкасы
5-кілегей асты қабығы
6-етті қабығы
7-сірлі қабығы
Қызметі: Секреторлық,нәруыздардың қорытылуы,астың химиялық өңделуі,химустың жылжуы.


Препаратта асқазанның фундальді бөлігі берілген.Асқазанның қабырғасы:шырышты қабықша,шырышасты негізден,бұлшықетті және сірлі қабықшалардан тұрады.Ішкі беткейіне :асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары,асқазан шұңқыршалары тән.Асқазан қатпарлары-шырышты қабықшадан және шырышасты негізден құралады.Асқазан алаңдары-шырышты қабықшаның жүлгелер арқылы шектелген аймақтары.Асқазан шұңқыршалары-мүшенің шырышты қабықшаның меншікті табақшасының эпителийлік тереңдемелері.Шырышты қабықша-эпителийден,меншікті пластинкадан және бұлшықетті пластинкадан тұрады.Меншікті пластинкада бездер орналасып,арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттары болады.Бұлшықет табақшасы –жазық бұлшықет тінінің 3 қабатынан:ішкі және сыртқы-айналмалы ,ортаңғы-бойлай орналасатын қабаттан тұрады.Асқазанның меншікті бездері –бәрінен де көп,қарапайым тармақталған бездер.Асқазан денесі мен фундальді бөлігінде орналасады.Шырышасты негіз-эластикалық талшықтары бар борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.Оның ішінде артериалдық және веноздық өрімдер ,лимфа тамырларының торы және шырыш асты жүйке өрімі орналасады.Бұлшық ет қабығына келсек-фундальді бөлігінде нашар дамыған,Жазық бұлшықет жасушаларынан тұратын 3 қабаты бар.Олар:сыртқы-бойлай,ортаңғы-айналмалы,ішкі-қиғаш бағытталған.Ал сірлі қабығы-қабырғасының сыртқы бөлігін түзейді.Үстінен мезотелиймен қапталған борпылдақ дәнекер тіннен тұрады





14. Асқазанның пилорикалық бөлігі. Бояуы - Гематоксилин-эозин.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет