1-бөлікше аралық қан тамырлары 2-панкреатты аралшық 3-ацинустар 4-өзек 5-бөлікше аралық дәнекер тіні Қызметі: Экзокринді-асқорытуға ферменттерді бөліп, қоректік заттарды ыдырату.Эндокринді-қоректікрзаттардың тіндердегіаалмасуын реттейтін гормондарды бөлу.
Препаратта ұйқыбезі берілген.Ұйқыбезі-экзокринді және эндокринді бөліктері бар аралас без.Без сыртынан ішперденің висцеральды жапырақшасымен біріккен дәнекер тінді капсуламен қапталады.Паренхимасы араларында дәнекер тінді созындылар орналасқан бөлікшелерге бөлінеді.Дәнекер тінінің қабаттарында қан тамырлары,жүйкелер,интрамуралды жүйке ганглийлері,табақшалы денешіктер мен шығару өзектері орналасады.Бөлікшелер құрамына бездің экзокринді және эндокринді бөліктері кіреді.Бездің экзокринді бөлігі-панкреаттық ацинустардан ,ендірме және бөлікшеішілік өзектерден,бөлікше аралық өзектерден және он екі елі ішекке ашылатын жалпы панкреаттық өзектен тұрады.Құрылымдық қызметтік бірлігі-панкреаттық ацинус болып табылады.Құрамына секреторлық бөлім,ендірме өзек жатады.Ацинустар арасында ретикулярлық талшықтар ,қан қылтамырлары ,жүйке талшықтары орналасады.Экзокринді панкреатоциттер-секреторлық қызмет атқаратын пішіні конус тәріздес жасушалар.Ацинустың базальды мембранасына орнығады.Экзокринді панкреатоциттерден шыққан өнім-ендірме өзекке түседі.Ендірме өзектер ацинус аралық өзектерге ұласады.Олар үлкендеу бөлікшеішілік өзектерге құяды.Бөлікшеішілік өзектер-дәнекер тіндік тосқауылдардағы-бөлікше аралық өзектерге жалғасады.Бұл өзектер бездің жалпы өзегіне ұласып,он екі елі қуысына ашылады.Эндокринді бөлігі-ацинустар арасында орналасатын Лангерганс аралшықтарынан құралады.Пішіндері сопақша,бездің құйрық бөлімінде орналасады.Эндокринді жасушалар-пішіні кішілеу,түйіршікті ЭПТ сы орташа дамыған.Келесі түрлері бар:В жасушалар,А жасушалар,D жасушалар,РР жасушалар.