1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Өңештің асқазанға кіреберісі. Бояуы - Гематоксилин-эозин



бет8/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
гисто мета роднойлар палатасы

12. Өңештің асқазанға кіреберісі. Бояуы - Гематоксилин-эозин.


1-өңештің көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиі
2-өңештің кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы
3-өңештің кілегейлі қабығының етті пластинкасы
4-асқазанның бір қабатты призма тәрізді безді эпителиі
5-асқазан шұңқыры
6-асқазанның кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы
7-өңеш бездері
8-асқазан кілегейлі қабығының етті пластинкасы
Қызмет: Секреторлық,нәруыздардың қорытылуы,астың химиялық өңделуі,химустың жылжуы.

Препаратта өңештің асқазанға кіреберісі берілген. Өңеш астың асқазанға өтуін қамтамасыз ететін мүше.Қабырғасы:шырышты,шырышасты,бұлшықетті ,адвентициальды қабықшалардан тұрады.Шырышты қабығы –эпителийден , меншікті пластинка мен бұлшықетті пластинкадан тұрады.Эпителий-көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін болып келеді.Эпителийдің үстіңгі қабатында кератогиалин аз мөлшерде болады.Меншікті пластинкасы эпителийге еніп тұратын дәнекерлі бүртіктер түзеді.Мұнда өңештің кардиальды бездері орналасқан.Бұлшықетті пластинкасы –жазық бұлшықет жасушаларының бойлай бағытталған шоғырларынан құралады.Сыртынан эластикалық талшықтардың торымен қоршалады.Ал шырышасты негізі-құрамы борпылдақ дәнекер тіні,қан мен лимфа тамырлары болады.Мұнда өңештің меншікті бездері орналасады.Бұл бездер-күрделі,тармақталған альвеолярлы түтікшелі бездер.Секреторлы бөліктері-миоциттермен қоршалады.Бұлшықетті қабығы-іші айналмалы,сыртқы-бойлық қабаттардан құралады.Жоғарғы 3 тен бір бөлігінде жұтқыншақтың жалғасы болып,көлденең жолақты ет тіні түрінде болады.Ал төменгі жағында тегіс салалы миоциттер жігінен тұрады.
Адвентиция қабығы-өңешті сыртынан қоршайтын дәнекер тінімен байланысады.Осы қабықта қан тамырлары мен нервтері көп болады.Мезотелийден және оның астында орналасқан дәнекер тіннен тұратын сірлі қабықша өңештің құрсақ бөлігін қаптайды.Ал асқазанның құрылысына келсек, қабырғасы:шырышты қабықша,шырышасты негізден,бұлшықетті және сірлі қабықшалардан тұрады.Ішкі беткейіне :асқазан қатпарлары,асқазан алаңдары,асқазан шұңқыршалары тән.Асқазан қатпарлары-шырышты қабықшадан және шырышасты негізден құралады.Асқазан алаңдары-шырышты қабықшаның жүлгелер арқылы шектелген аймақтары.Асқазан шұңқыршалары-мүшенің шырышты қабықшаның меншікті табақшасының эпителийлік тереңдемелері.Шырыштықабықша-эпителийден,меншікті пластинкадан және бұлшықетті пластинкадан тұрады.Меншікті пластинкада бездер орналасып,арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттары болады.Бұлшықет табақшасы –жазық бұлшықет тінінің 3 қабатынан:ішкі және сыртқы-айналмалы ,ортаңғы-бойлай орналасатын қабаттан тұрады.Асқазанның меншікті бездері –бәрінен де көп,қарапайым тармақталған бездер.Асқазан денесі мен фундальді бөлігінде орналасады.Шырышасты негіз-эластикалық талшықтары бар борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.Оның ішінде артериалдық және веноздық өрімдер ,лимфа тамырларының торы және шырыш асты жүйке өрімі орналасады.Бұлшық ет қабығына келсек-фундальді бөлігінде нашар дамыған,Жазық бұлшықет жасушаларынан тұратын 3 қабаты бар.Олар:сыртқы-бойлай,ортаңғы-айналмалы,ішкі-қиғаш бағытталған.Ал сірлі қабығы-қабырғасының сыртқы бөлігін түзейді.Үстінен мезотелиймен қапталған борпылдақ дәнекер тіннен тұрады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет