Тіл. Жіп тәрізді бүртік. Бояуы - Гематоксилин-эозин.
1-біріншілік дәнекер тінді бүртік 2-көп қабатты жалпақ мүйізделетін эпителий 3-эпителийдің мүйізді қабаты
Қызметі: Дәм сезу,тамақты механикалық өңдеуге және жұту актісіне қатысу,сөйлеуге қатысу.
Препаратта тілдің жіп тәрізді бүртік берілген.Тілдің негізін сомалық көлденең жолақты қаңқалық бұлшық ет тіні құрайды.Тіл шырышты қабықшамен қапталады.Тілдің астыңғы,бүйірлік және жоғарғы беткейлерінің бедерлері әртүрлі болып келеді.Астыңғы бетінде эпителиі көпқабатты жазық мүйізденбейтін болып келеді.Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге кіре орналасатын қысқа бүртікшелерді құрайды.Шырыш асты негіз бұлшық етке жанаса орналасады.Ал үстіңгі және бүйір беткейлерінде шырышты қабықшасы ерекше түзілімдер бүртікшелер болады.Шырышасты негіз болмайды.Бүртікшелер шырышты қабықшаның туындыларына жатады,олардың беткей қабатын базальды мембранаға орналасқан көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпителий тіні түзейді.Бүртікшенің тірегін шырышты қабықшаның меншікті табақша өсіндісі-бірінші реттік бүртікше қалыптастырады.Бірінші реттік бүртікше дәнекер тіннің жіңішке жолағынан тұрады.Дәнекер тіндік тірегінің ішімен көптеген қан қылтамырлары өтеді.Жіп тәрізді бүртікшелер-саны жағынан ең көбі,тілдің үстіңгі бетін көмкереді.Өлшемі жағынан ең майдалары болып табылады.Ал бұлшықеті мүшенің денесін құрайды.Тілдің көлденең жолақты бұлшық еті бір біріне перпендикулярлы 3 жаққа бағытталған:мүшенің ұзына бойлай,тігінен,көлденең.Тілдің бұлшықеті оң және сол бөліктерге бөлінген ,оны тығыз дәнекер тіннен тұратын тосқауыл бөліп тұрады.
Тілдің жапырақ тәрізді бүртіктері. Бояуы - Гематоксилин-эозин
1-көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 2-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3-бүртіктер аралығындағы кеңістік