1-көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий 2-ұрттың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасы


Экзокринді-.Сілекей-асты шылайды,астың ферменттік өңделуін қамтамасыз етеді



бет5/15
Дата09.12.2023
өлшемі2,89 Mb.
#135474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гисто мета роднойлар палатасы

Экзокринді-.Сілекей-асты шылайды,астың ферменттік өңделуін қамтамасыз етеді.
Эндокринді-гормондарға ұқсас заттарды бөлу.Су мен тұздың гомеостазын реттейді.







Препаратта құлақ маңы сілекей безі берілген.Құлақ маңы сілекей безі-күрделі альвеолярлы тармақталған без.Ауыз қуысына нәруызды өнімді бөледі.Без сыртынан тығыз дәнекер тінді капсуламен қапталады.Без ішінде бөлікшелерге бөлінген.Бөлікшелер арасында орын алатын дәнекер ұлпаның қабаттарының құрамында бөлікше аралық өзектері мен қан тамырлары орналасады.Бездің аяққы бөлімдері нәруызды болып келеді.Олар пішіні конус тәріздес секреторлы –нәруызды жасушалар мен миоэпителийлік жасушалардан тұрады.Нәруызды жасушалардың-секреторлық аяққы бөлімінің саңылауына шыға орналасқан жіңішке апикальды бөлігін ажыратады.Апикальды бөлігінде без секрециясына қарай өзгеріп отыратын,ацидофильді секреторлы түйіршіктер болады.Базальды бөлігінің көлемі үлкен,мұнда жасуша ядросы орналасады.Ал миоэпителийлік жасушалар-аяққы секреторлық бөлімдердегі жасушалардың 2 ші қабатын құрайды.Бұл жасушалар өсінділерімен аяққы секреторлық бөлімдерді сыртынан қоршайды.Орналасатын орны-базальды мембрана мен эпителийлі жасушалардың негізінің арасында.Бездің бөлікшеішілік ендірме өзектері аяққы бөлімінен басталады,көп тармақты болып келеді.Жазық эпителиймен қапталады.Бездің жолақты өзектері-ендірме өзектердің жалғасы және оларды бөлікшелердің ішінде орнығады.Бірқабатты призмалық эпителиймен жабылады.Эпителиоциттерді цитоплазмасы-ацидофильді.Бөлікше аралық шығару өзектері-екі қабатты эпителиймен қапталады.Шығару өзектері-борпылдақ талшықты дәнекер тін қабатымен қапталады.Бездің басты өзегі-денесінен басталып,шайнау бұлшық ет ішінен өтеді.Өзекті көп қабатты текшелі,сағасын көп қабатты жазық эпителий жабады.






Жақ асты сілекей безі. Бояуы - Гематоксилин-эозин






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет