1. "Көркем еңбек" пәнінің маңыздылығы


"Көркем еңбек" пәнін меңгеру нәтижелері, критериалды бағалауды қолдану



бет7/11
Дата31.12.2021
өлшемі36,38 Kb.
#21728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. "Көркем еңбек" пәнін меңгеру нәтижелері, критериалды бағалауды қолдану

Оқушылардың «Көркем еңбек» оқу пәнінің сабақтарында оқушылардың енді, білімі ғана емес, оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін қолданамыз. Ол критериалды бағалау жүйесімен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау дегеніміз оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерияларғе негізделген үдеріс болып табылады. Бұл бағалау критерийлары бойынша оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Ойлау дағдылары Б.Блумның таксономиясы бойынша анықталған. Мысалы, білу мен түсіну, білімді қолдану, талдау, жинақтау және бағалау.

Критериалды бағалау екі түрге бөлінеді: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау көркем еңбек оқу пәнінің күнделікті сабақтарында жүргізіліп отырса, ішкі жиынтық бағалау ортақ тақырыптар немесе бөлімдер, тоқсан аяқталғанда бір реттен жүргізіледі. Оқушылардың ойлау деңгейлерін көркем еңбек сабақтарында анықтау үшін қалыптастыруға бағалауға арналған мұғалім арнайы тапсырмалар дайындайды. Ал, жиынтық бағалауда тест спецификациясын жасап оқушылардың бірнеше ойлау дағдылары деңгейлерін анықтауға бағытталады. Тоқсандық жиынтық бағалау осы екі бағалау (қалыптастырушы, ортақ тақырыптар бойынша ішкі жиынтық) бойынша алынған мәліметтерді, оқушылардың оқу пәні бойынша басқа да жетістіктерін ескере түпкілікті, соңғы баға қою үшін модерация формасында, пән мұғалімдерінің қауымдастығы немесе әдістемелік бірлестіктегі тәжірибелі ұстаздардың отырысында бағамдаулар жасай отырып, хаттаманың шешімінде баға қойылады. Осының негізінде тоқсандық жиынтық бағалау жұрналға, электронды жұрналға және оқу тәбеліне жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет