3. Оқу пәнінің мазмұны
1-бөлім «Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту» - қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әртүрлі материалдарға зерттеу жасау процесінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жасайды;
2-бөлім «Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау» -әртүрлі жұмыс техникаларын меңгеріп және өзінің іс-әрекетін жоспарлап, әртүрлі материалдармен жүргізіп, қоршаған ортаның бейнелеу дағдыларының тәжірибелерін дамытуға бағытталған;
3-бөлім «Презентация, талдау және бағалау» комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, презентациялайды және түсіндіреді;
Оқу пәнінің базалық мазмұны
1 сынып
1. Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
Қоршаған ортаны білу және түсіну. Табиғи әлемнің визуалды сипаттамасы (түс, пішін, өлшем, фактура). Жасанды әлемнің визуалды сипаттамасы (түс, пішін, өлшем, фактура).
Өнер, мәдениет пен дәстүрді білу және түсіну. Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары. Қазақ халқының қолданбалы өнері. Ою-өрнектер.
Шығармашылық идеяларды дамыту. Шығармашылық идеяларды жасау. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру. Өнердің суреттеу құралдары арқылы көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерін (көңіл-күйін, мінезін) көрсету.
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Қоршаған ортаны бейнелеу. Әр түрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, жапырақтың түсуі және т.б.) жасау. Флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу.
Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары. Көркемдік материалдар мен құралдар. Шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар. Шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес материалдар. Әр түрлі материалдармен (көкемдік, табиғи және жасанды) және техникалармен (мысалы: монотипия, кляксография, баспа …) эксперименттер жүргізу.
Дайындау технологиясы. Өлшемдік құралдармен жұмыс. Қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру. Көлемді пішіндерді жасау.Сомдау техникасы. Қағаз пластикасы. Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар.
Қауіпсіздік техникасын сақтау. Қауіпсіздік техника ережелері.
3. Презентация, талдау және бағалау
Презентация. Шығармашылық жұмыстардың көрсетілімі.
Шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.
2 сынып
1. Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
Қоршаған ортаны білу және түсіну. Табиғи әлемнің (түс, пішін, өлшем, фактура) визуалды сипаттамасы. Жасанды әлемнің (түс, пішін, өлшем, фактура) визуалды сипаттамасы.
Өнер, мәдениет пен дәстүрді білу және түсіну. Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрлары. Қазақстан халықтарының қолданбалы өнері (ою-өрнектер, бұйымдар, ұлттық киімдер және т.б.).
Шығармашылық идеяларды дамыту. Шығармашылық идеяларды жасау. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру. Өнердің суреттеу құралдарымен көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерді (көңіл-күйін, мінезін) көрсету. Ақпарат көздерімен жұмыс.
Жоспарлау. Жұмыс барысын жоспарлау.
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Қоршаған ортаны бейнелеу. Әр түрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, жапырақтың түсуі және т.б.) жасау. Флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу.
Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары. Көркемдік материалдар мен құралдар. Шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар. Шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес материалдар. Әр түрлі материалдармен (көкемдік, табиғи және жасанды) және техникалармен (мысалы: монотипия, кляксография, баспа …) эксперименттер жүргізу.
Дайындау технологиясы. Өлшемдік құралдармен жұмыс. Қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру. Көлемді пішіндерді жасау. Сомдау техникасы. Қағаз пластикасы. Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар.
Қауіпсіздік техникасын сақтау. Қауіпсіздік техника ережелері.
3. Презентация, талдау және бағалау
Презентация. Шығармашылық жұмыстардың көрсетілімі.
Өнердегі тәсілдерді талдау. Әртүрлі өнер туындыларын талдау, бағалау сараптамасы.
Шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.
3 класс
1. Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
Қоршаған ортаны білу және түсіну. Табиғатпен жаратылған сәндік өрнектер (ою өрнектер) және формалар. Табиғи формаларды интерпретациялау.
Өнер, мәдениет пен дәстүрді білу және түсіну. Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармалары. Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнері (ою-өрнектер, бұйымдар, ұлттық киімдер және т.б.).
Шығармашылық идеяларды дамыту. Шығармашылық идеяларды жасау. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру. Өнердің суреттеу құралдарымен көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерін (көңіл-күйін, мінезін) көрсету. Ақпарат көздерімен жұмыс.
Жоспарлау. Жұмыс барысын жоспарлау. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Қоршаған ортаны бейнелеу. Әр түрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, жапырақтың түсуі және т.б.) жасау. Флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу.
Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары. Көркемдік материалдар мен құралдар. Шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар. Шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес материалдар. Әртүрлі материалдармен (көкемдік, табиғи және жасанды) және техникалармен (мысалы: монотипия, кляксография, баспа …) эксперименттер жүргізу.
Дайындау технологиясы. Өлшемдік құралдармен жұмыс. Қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру. Көлемді пішіндерді жасау.Сомдау техникасы. Қағаз пластикасы. Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар.
Қауіпсіздік техникасын сақтау. Қауіпсіздік техника ережелері.
3. Презентация, талдау және бағалау
Презентация. Шығармашылық жұмыстардың көрсетілімі.
Өнердегі тәсілдерді талдау. Әр түрлі өнер туындыларын талдау, бағалау сараптамасы.
Шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.
4 сынып
1 Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
Қоршаған ортаны білу және түсіну. Табиғатпен жаратылған сәндік өрнектер (ою өрнектер) және формалар. Табиғи формаларды интерпретациялау.
Өнер, мәдениет пен дәстүрді білу және түсіну. Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармалары. Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнері (ою-өрнектер, бұйымдар, ұлттық киімдер және т.б.).
Шығармашылық идеяларды дамыту. Шығармашылық идеяларды жасау. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру. Өнердің суреттеу құралдарымен көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерін (көңіл-күйін, мінезін) көрсету. Ақпарат көздерімен жұмыс.
Жоспарлау. Жұмыс барысын жоспарлау. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Қоршаған ортаны бейнелеу. Әртүрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, жапырақтың түсуі және т.б.) жасау. Флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу.
Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары. Көркемдік материалдар мен құралдар. Шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар. Шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес материалдар. Әртүрлі материалдармен (көкемдік, табиғи және жасанды) және техникалармен (мысалы: монотипия, кляксография, баспа …) эксперименттер жүргізу.
Дайындау технологиясы. Өлшемдік құралдармен жұмыс. Қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру. Көлемді пішіндерді жасау. Сомдау техникасы. Қағаз пластикасы. Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар.
Қауіпсіздік техникасын сақтау. Қауіпсіздік техника ережелері.
3. Презентация, талдау және бағалау
Презентация. Шығармашылық жұмыстардың презентациясы.
Өнердегі тәсілдерді талдау. Әртүрлі өнер туындыларын талдау, бағалау сараптамасы.
Шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.
Мұғалімдер тараулар мен бөлімдерді тараудың және тиісті тоқсанның аясында оқу ретін өз бетімен анықтауға құқылы. Бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыруға құқылы. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына құқылы. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінде қабылданады. Жоспарлағанда мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескеруге тиісті.
Бағдарлама мазмұны әртүрлі көркем- шығармашылық әрекетті қарастырады. Сабақ барысында іске асырылатың шығармашылық әрекетті көркем еңбек мұғалімдері өз еріктерімен таңдауға және анықтауға құқылы. Ең бастысы оқу жылында көркем – шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі, құрылымдауды, бейнелеуді және сәндеуді іске асырулары қажет.
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» қолдануға, мониторинг жасауға тиімді болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.
Практикалық №5
Оқу мақсаттарының жүйесі
Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол кезден басталады. Кез келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс – әрекеті ақыл ойға, әрі алған білімді басқа іс – әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.
Шығармашылық дегеніміз не? Шығармашылық - адамның іс – әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы – үлкен мәселеге айналып, қазіргі таңда ойландыратын дүние. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға беймідей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау, ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді. Шығармашылық ұғымын «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Қабілеттілік репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөлінеді:
- Бірінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – білімді әрі жаңа жағдайды, іс – әрекетті тез қабылдайды.
- Екінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – өзінің жеке іс – әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамыту жолдары мен шешімдерін іздестіру болып табылады.
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.
Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Қосымша білім беру мекемесінде оқушылардың шығармышылық қабілеттерін арттыру, білім сапасын көтеру - негізгі мақсат.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
- қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
- ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
- алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
- өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
- басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
- қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу.
Мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының шығармашылығын дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы.
Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға еркін шығармашылық жолын тандауға мүмкіндік береді. Қазіргі замандағы қосымша білім беру ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.
Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланады. Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескерген. Мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілетінің дамуына жол ашу, алғашқы уақыттан бастап – ақ әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескеріп отырып, жұмыс істеу бағытын, жоспарларын жасаймыз. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің нәтижесі, баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады.
Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой – өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері ашылу үшін белсенді формалар мен әдістерді қолдану керек: әңгімелесу, пікірталас, ойындар, тартыстар, жорықтар мен сайыстар, сұхбат, байқаулар, олимпиадалар, бақылаулар, шығармашылық еңбек, жобалар, дербес сабақтар. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әрбір баланың ойын оятып, ойландыруға, талдау жасауға, салыстыруға жетелейтін жеке шығармашылық тапсырма береміз. Осындай әдістерді жиі пайдаланып оқушылардың шығармашылыққа баулуына, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытып, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:
- Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Пайдаланылған әдебиеттер:
Көркем еңбек. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламасы. –Астана, «Назарбаев зияткерлік мектептер» ДББҰ, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру Академиясы, 2016. – 58 б.
Технология. Жалпы орта білім беретін мектептің 5-6 сыныптарға арналған бағдарламалар. –Аламты: Ронд, 2003, -36 б.
Т.Ш.Оралбекова Технология оқулығы. Алматы, 2016.
Т.Ш.Оралбекова Әдістемелік құрал (технология), Алматы, 2015
Ғаламтор желісі.
Достарыңызбен бөлісу: |