1. "Көркем еңбек" пәнінің маңыздылығы


"Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасының міндеттері



бет3/11
Дата31.12.2021
өлшемі36,38 Kb.
#21728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. "Көркем еңбек" пәні оқу бағдарламасының міндеттері
1) әртүрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;

2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;

3) оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары туралы білімді қолдану;

4) бақылау, жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;

5) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру;

6) өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;

7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар, көркем еңбектің рөлін түсіну;

8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын,әртүрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;

9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.

Оқу процесінде оқушылар:

1) ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын,олар арқылы берілген идеялар мен құндылықтарды зерделейді және талдайды;

2) шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды өз бетімен және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;

3) өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар, бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;

4) жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әртүрлі іс-әрекет түрлерінен жинақтаған білімі мен дағдысын қолданады;

5) әртүрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;

6) қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетін ұйымдастырады;

7) өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;

8) әртүрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
Практикалық №2

Тақырыбы: Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет