1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Мектеп бағдарламасында берілетін үзіндіде ана тіл туралы мәселе қозғалады



бет15/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
кмәтә сессия

Мектеп бағдарламасында берілетін үзіндіде ана тіл туралы мәселе қозғалады.
Баласынан хабар күтіп, сағынып жүрген ана не себепті бір сәтте баласынан бас тартты?
Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
Өзінің ақ сүтімен дарытқан тілін баласының ұмытуы ананы жүрегін қақ айырды. Туған жерін ұмытқан, тілін ұмытқан, отанын ұмытқан баладан баз кешуді жөн санайды.
20. М.Жұмабаевтың поэзиясына концептуалдық талдау жасаңыз (От, Күн, Өмір мен Өлім, т.б.концептілері)
Қазақ поэзиясына Абай «жүрек» ұғымын, Мағжан «күн» концептісін әкелді. Мағжан Жұмабайұлы өлеңдерінде күн бейнесі біртұтас концепт арқылы танылады. Ақынның 60-қа жуық өлеңінде «күн» сөзі қолданылған. Жалпы өлеңдерінде «күн» сөзі 177 рет кездеседі [8.81]. Олар эпитет, теңеу, метафора, символ сияқты көркемдегіш құралдар, сонымен қатар еркін сөз тіркестері мен тұрақты тіркестері арқылы көрініс табады.
Күн – ғалам бейнесін суреттейтін концепт. Ақын пікірінше, күн – ғаламның орталығы, адам жүрегіндегі жылулық пен мейірімділіктің қайнар көзі. «Күн – бұл мен» деп автор өзін күнге балайды, сондықтан аспан кеңістігіндегі күн оған жерден гөрі жақын:
Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. («Мен кім?» өлеңі)
Жердiң жүзiн қараңғылық қаптаған,
Жер жүзiне нұр беремiн, Күн берем! («Пайғамбар» өлеңі).
Күн – ғарыш денесі, ақын – оның туындысы іспеттес. Күн таңертең шығады, сонан соң батады, демек күндіз адамдарға жарығын төгіп, бірге болса, кешке адамдарды қалдырады. Мағжан да әсем жырларымен адам жанын жылытады, бірақ ол бір күні аспанға кететінін меңзейді, одан кейін өткен жылдардан тек оның өлеңдері ғана қалатынын сездіреді. Демек, «Мен кім?», «Пайғамбар» өлеңдеріндегі автордың образы – аспан жарығының бейнесі.
Ал келесі өлеңінде ақын өзге салыстыруға жүгінеді, «мен күн баласымын» деп жырлайды:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам. («От» өлеңі)
Ақын от пен қараңғылықты қарама-қайшы қояды. От қараңғылықты оятады, онымен күреске түседі, күннің шығуымен қараңғылық жойылады. Оның барлық өлеңдерінің мағынасы бір түсінікте «от құдайының баласы» негізінде жатыр. От құдайының баласы күннің шығуымен туылып, күннің батуымен өледі деген ойды танытады. Өлеңде ақын бір-бірінен туындайтын «Күн – от – Құдай» тізбегін жасайды:
Ақынның «Туған жер» өлеңін оқығанда, мына халық даналығы еріксіз ойға оралады: «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық». Осы ой ақын өлеңінде айқын сезіледі:
Сенен басқа жер де маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – күндей күлмедім бе.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес. («Туған жер» өлеңі)
Автор өз Отанының патриоты ретінде өзге елдің күнін де мойындамайды. Отанымыздың аспаны да, күні де, жері де әдемі деген ой айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет