Өлім концептісі
А)өлім-қорқыныш. Өлім үрей туғызатын мақұлық ,кемпір кейпінде сипатталып ,өлім ұғымының мағынасын күшейте түскен. Жалмауыз жер мейлі жұтсын, тоймасын.
Жансыз суық көзін қадап қу өлім,
«Тез» деп күтіп, тісін шықыр қайрасын.
[Бүгінгі күн өмір, елім — менікі.] өлеңі
Ә)өлім-игілік. Өмірден кетуді азаптан құтылу,бақыт, тыныштыққа балайды.
«Мен де тезірек өлейін,
Әлі жаспын демейін»
«Өлім күйі – тәтті күй,
Балқиды жаным бұл күйге.» [Мені де,өлім,әлдиле] өлеңі
Б)өлім-есеп беру. Ақын осы уақытқа дейін не істедім,артымнан не қалдырдым деген сұраққа есеп береді.
«Отыз-қырық... қартаям, сөнем, өлем...
Еліме есебімді не деп берем?!»
[Жан сөзі]
«Өлер өмір, сөз қалар»- [жігер шіркін желінді]
Мағжан Жұмабайұлы өз поэзиясында «ай» сөзін жарық беретін аспан денесі, жердің серігі, сұлулықтың белгісі, уақыт өлшемі ретінде қолданады.
Сөнді шырақ. Сөнемін,
Сөнеді – Aй,
Мен де ұзамай өлемін.
Батады Ай,
Батады Ай. Мен батам. («Альбомына» өлеңі)
«Ай» сөзін қайталау арқылы табиғат құбылысы мен адамның іс-әрекетін қатар алып суреттей отырып, жарық беретін аспан денесі ретінде айтады.
Сол мезетте қамыс ақырын ашылды,
Әлдекімге тәжім қылып, бас ұрды.
Aй мен күндей бір келіншек сыланған
Шыға келді, балқып нұры шашылды. («Ертегі » дастаны)
Шашың – қара, денең – ақ бұлт, жүзің – Aй,
Тісің – меруерт, көзің, сәулем, құралай. («Сүй, жан сәулем» өлеңі)
Сүйген қызының жүзін айға балап, ақын оның сұлулығын танытады.
Aй, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар, — деп «Атақты ақын — сөзі алтын хакім Абайға» өлеңінде ай уақыт мерзімінде қолданыс тапқан, уақыттың сынап секілді сырғып өтіп жатқанын, дүниенің бір орында тұрмайтынын білдірген уақытты сипаттайды.
Байғұс қазақ бас көтеріп тұрар ма?
Көңілі түсіп, білімге мойын бұрар ма?
Күні туып, оңынан – Күн, солдан – Aй,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма? («Сорлы қазақ» өлеңі)
Күн мен айды қатар алып, аспан денесі, жарық беруші құбылыс ретінде қолданады, екеуі екі жақтан туғанда адамның құбыласы түгел, оқу-білімге алаңсыз ден қоятын керемет шақ болатынын бейнелеген.
Тұрасың, мейірімді Ай, нұрың шашып,
Бұғып жүр қараңғылық бетін басып. («Толған ай» өлеңі)
Достарыңызбен бөлісу: |