1.Д.Исабековтың “Әпке” драмасындағы кейіпкерлерге сипаттама беріңіз • Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.Бауырларын ойлаумен,уайымдаумен өз өміріне уақыт бөлмей соңы жалғыздықта қалады.
• Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.Шығармада Омардың тілі ерекше рөл атқарады.Сол арқылы басқаларынан ерекшеленеді.
• Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.
• Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.
• Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.
• Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.
• Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.
• Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.
• Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.
• Қабен - Қамажайды ұнататын жігіт. Өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.
• Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер.
2.Нұрдаулет Ақыштың “Нағыз әже қайда”әңгімесіне тақырыптық-идеялық мазмұндық талдау жасаңыз. Тақырып көркем мәтіннің іргетасы болып табылады.Сондықтан әдеби туындының біраз элемееттері тақырыпқа тәуелді.Адамның жан дүниесі,өмір құбылыстары,болмыс суреттері,фантастикалық нысандар,мәңгілік тақырып,махаббат тақырыбы,әлеуметтік тақырып,пәлсапалық тақырып,тарихи тақырып,жалғыздық тақырыбы сынды тақырыптың түрлері өте көп.Тақырып мотивтерден құралады.Нұрдаулет Ақыш бұл әңгімесін өз кезеңінде көргеннен,салыстырудан жазғаны болу керек.
Нұрдаулет Ақыштың әңгімесінің тақырыбы кейіпкерлердің сұрақтарына байланысты қойылған.Яғни Ая мен Райхан нағыз әже қайда деп әже деген адамның шын өмірдегі бейнесін көруге ұмтылады.Тақырыбы дөп шығармаға лайық қойылған.Екі бүлдіршінге әкелері Азат айтқан нағыз қазақи бұрынғы кездердегідей,яғни дәл әкелері сипаттаған адамды көргісі келеді.Жолдастың анасы бұрынғы әжелер типіне сай болмай,адами болмысы келмейді.Бас қосудағы кейіпкерлердің сөзі бойынша нағыз современная.Азат ауылда өскен өз әжесі қазақи басында ақ кимешегі бар,ұршық иіретін,ертегі айтатын.Азат әжесінің ертегілерін қыздарына айтып бергелі олар күнде сұрайтын болды.Нағыз әжені көрсетемін деп уәде берген болатын.Бірде досы Жолдастың қызы Ажар оқуға түсіп сонда қонаққа барғанда қыздарында ертіп апарады.Жолдастың анасымен танысып,қыздары аяқ астынан ертегі айтып беріңізші деп сұрақты қойып қалғанда ол сасқалалқтап,тартыңқырап қалады.Отырғандарда келіні де жақтап баяғының ертегіші кемпірі емес деп ақтап алып шығады.Осы жерде екі түрлі көзқарасты байқаймыз.Азаттың отбасы қазақилықты қолдаса,Жолдастың отбасы заманауилықты қолдайды.Әңгіменің мазмұны толықтай ашыла білген.Шығарма соңы Азаттың уәдені орындамауымен ендігі кезекте орынлармын деген арманымен аяқталады.Бата жасалынбауда әңгімеде сөз етіледі.Қазіргі кезде де өте өзекті тақырыптардың бірі.Осы жерден идеялық талдау шығады.Яғни автордың оқырманға айтпақ негізгі ойы қандай екені.Нұрдаулет Ақыш заман емес адам өзгерісін анықтап көрсетеді.Солай қыздардың қиялындағы,ойындағы әже мен қонақтағы әже салыстырылады.