1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны



бет25/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
кмәтә сессия

ауыстыру (метафора) мол қолданылады. Ауыстыру алынып отырған заттың не құбылыстың мағыналас, мәндес басқа ұғымдардың орнында пайдаланып, ойды ықшамды, суретті, айқын, қысқа жеткізуге негізделеді. Қажым Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» атты еңбегінде құбылысы жағынан алғанда Абайға дейінгі поэзиясында метафораның 5 түрін ажыратқан [3, 216б].
Мысалы Ақтамберді жыраудан үзінді келтірейік:
Сыртым — құрыш, жүзім – болат,
Тасқа салсаң майырылман [2, 193б].
Бұл мысалда бір нәрсені екінші нәрсеге балау арқылы жасалынған метафораның жалғаусыз, жұрнақсыз жай түрі.
–мын, -бын, -пын, -сын жіктік жалғаулары, не -м, -ң, -ы, (-сы) тәуелдік жалғауларының көмегімен жасалған метафоралар кездеседі. Мысалы, Бұқарда:
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын [1, 194б].
Бұқар жырау жырларындағы ауыстырулардың тағы бір түрі, «едің» көмекші етістігі арқылы жасалады. Мысалы:
Отыз бес жасқа келгенде,
Қара судың бетінде,
Сығылып аққан сен едің.
Қырық жасқа келгенде,
Алтынды тонның жеңі едің [2, 194б].
Толғауларда, арнауларда құбылтудың ауыстырудан өзге кездесетін түрлерінің бірі – шендестіру. Мысалы, Бұқар жыраудың:
Күлдір — күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес.
Күрек тісің қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес [2, 202б] , бұл жырда күрең – сайгүлік, сұлу – ару, қыз деген мағынада қолданылып тұр
Жыраулар суреттеген құбылыстарға ерекше рең, ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше елеулі ықпал ететін көркемдік тәсілдердің бірі — меңзеу(синекдоха). Ақтамберді жыраудың шығармасынан мысал:
Білімдіге бағынсаң,
Халық жүдеп іші азбас [2, 204б], адамның бір ғана мүшесі – ішті меңзеу арқылы білімдіге бағынған елдің бірлік, берекесі нығайып, ортасы олқы түспес, «іші азбас» деген ойлы пікір толғайды.
Жырауларда бір сөз жол аяғында екі-үш рет қана емес, біренеше рет, тіпті бүкіл шумақ бойында қайталаулар болады. Қайталаулардың бірнеше түрі қарастырылған.
● Жыраулар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың, яки оның басты қасиетінің өлең жолы аяғында бірнеше рет қайталанып келуі, мәселен Асан қайғыда:
Тақырлауға қонған қаз-тырна,
Таң маңынан ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол.
Қызыл изен, боз жусан,
Сарыарқаға бітер ол.
Таңдайға батқан қызыл тіл,
Жаққа біткен отыз тіс,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол [2, 218б].
Өлеңнің алғашқы тармақтарынан , яғни тармақтағы сөз тіркестерінен жырау нысанға алған негізгі объекті айқын танылады. Бірақ жырау басты әрекеті мен қимыл, қасиетін «ол» деген сілтеу есімдігін қайталау арқылы жинақтай көрсетеді.
● Есімшенің «ар», «ер» жұрнақтары арқылы жасалған болжамды келер жақ түріндегі сөздердің қайталанып келуі, мысалы, Шалкиіз жыраудың толғауынан үзінді келтірейік:
Шағырмақ бұлт жай тастар,
Ағытқан қойды жол бастар.
Ақ желкенді жел бастар,
Ғаділ төре ел бастар…
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда,
Жүмле ғаламға күлкі етер [2, 220б].
● Риторикалық сұраумен келетін қайталаулар. Мысалы Ақтамберді жыраудың шығармасынан мысал келтірейік:
Мінезді болса алғаның,
Одан артық жар бар ма?!
Екі жаман қосылса,
Күнде жанжал, күнде шу,
Ұяларлық ар бар ма?! [2, 223б].
Осылайша көптеген жыраулардың шығармаларында эпикалық қайталау сұрау түрінде келіп, жыраулардың замана халін, өмір сырын білдірер негізгі ойын айқын танытуға қызмет етеді.
● Бұйрық рай түрінде келетін эпифоралық қайталаулар, мысалы Шалкиізде:
Алып, алып, ал сақын,
Аңдып жүрген дұспаныңнан мың сақын.
Күле кіре күңіреніп
Шыққан достан мың сақын[2, 223б].
● Істің, заттың, құбылыстың, оқиғаның себеп-салдарын, мақсаты мен шартын білдіретін эпифоралық қайталаулар, мәселен Асан қайғыда:
Әділдіктің белгісі-
Біле тұра бұрмаса,
Ақылдының белгісі-
Өткен істі қумаса [2, 224б].
Жырау «белгісі» сөзін қайталап, өмірдегі жақсылық, жамандық түрін ашық түсіндіре суреттейді.
Түйіндеп айтқанда, шешендік сөздерде қолданылатын бейнелеу тәсілдерінің барлығы да жыраулар шығармашылығында да болатындығына көз жеткіздік, ол өз кезегінде ақындық поэзияға да терең әсер еткен. Жоғарыда келтірілген мысалдардың өздерінен – ақ бейнелеу тәсілдерінің жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздердің қуаттылығын арттыруда, әсемдік, әуезділік дарытуда қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет