19. Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» шығармасына проблемалық талдау жасаңыз Менің Дағыстаным Расул Ғамзатовтың туған өлкесіне арнап жазған екі кітапиан тұратын повесті. Шығармада туған жердің тау-тасы ,өзен-көлі, тілі,бәрі -бәрі орын ала білген.
Отбасы тәрбиесінде “от” пен “су” ұғымына құрметпен қараған. От та ,су да бүкіл жерде кездесестін нәрсе ғой. Автор неге оларға сонша мән берген? Таулық өзі жайында жақсы бір сөз айтқысы келсе, мақтанғысы келсе: «Əлі күнге ешкімнен қыдырып от сұрап көргенім жоқ», – дер еді.
Сол таулық əлдебір жек көретін, ыңғайсыз адамы бол- са: «От басынан ұшқан түтіні қаптесердің құйрығынан да шолақ», – дер еді.
Таулықтың екі əйелі бірімен-бірі ұрсыса қалса: «Отың жанбағыр», – деп, екіншісі: «Жанған отың өшкір», – деп қарғасады.
Ал, егер біреудің батылдығын мақтаса: «Адам емес, жанып тұрған от қой!» – дейді.
Байқағанымыздай “от” таулықтар үшін өз-өздеріне үй болып отқандарын, үйге жылу сыйлайтын оттың маңызын көрсеткен. Сонымен қатар батылдықты,еліне деген махаббаты білдірген.
Баяғы заманда, егер жау Дағыстан шекарасынан өтсе, таулықтар ең биік шыңның ұшар басына биік мұнарадай ғып ұран отын жағады екен дейді. Оны көре сап, барлық ауыл өз оттарын жағады. Елін,жерін қорғауда оттың маңызы үлкен болған.
«Ошақ – үйдің жүрегі, бұлақ – ауылдың жүрегі», – деп.
Таулар от сұрайды, ойпаттар су сұрайды. Дағыстан – тау-лар мен ойпаттар ғой. Ол отты да, суды да сұрайды.
Егер бір жолаушы шығып бара жатып, немесе со-дан оралып келе жатып, ауыл шетіндегі бұлаққа айнадай тұтынып, үңілер болса, ол – жүрегінде махаббатты, отты алып жүргені.
Автор топырақты, суды қазынаға балайды. Қара топырақ, ішуге жарамсыз су несімен құнды? Р.Ғамзатов неге оларды қазынаға балады? бұл менің тауымның топырағы. Менің əкемнің алғашқы дұғасы, менің анамның тұңғыш көз жасы, менің алғашқы ан- тым, атамның маған тастаған ақтық мұрасы, менің немереме ақтық тапсырар аманат. Каспийдің суы. Ол теңіз – Дағыстанның кескінін күнде көретін айнасы.
Отаным өзіммен ылғи бірге жүрсін дегенім ғой. Алда- жалда сапар үстінде көз жұмсам, молам осы топырақпен жабылсын, құлпытасым осы сумен шайылсын дегені.
Шығармада берілетін аңызда барлығын сыйлап бірақ аяқ киімге жабысып қалған топырақты алып қалуынан жерін қаншалықты жақсы көретінін және оны ешқашан сатпайтынын байқай аламыз.