1 Көркем мәтін жалпы филологиялық талдау нысаны


Жаңартылған білім беру бағдарламасында берілген бір ақынның өлеңін мәнерлеп оқып, әдеби тілдік талдау жасаңыз



бет21/25
Дата25.09.2024
өлшемі112,3 Kb.
#145602
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
кмәтә сессия

28.Жаңартылған білім беру бағдарламасында берілген бір ақынның өлеңін мәнерлеп оқып, әдеби тілдік талдау жасаңыз
Өлең:«Сыр сандық»
Авторы: Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
Тарихы: «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған.Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған.Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған.Жанры:Лирика.(Көңіл күйі лирикасы.)
Лирикалық кейіпкер:ақынның өзі
Тақырыбы:Достық. Идеясы: Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығы. Шумақ саны:21
Тармақ саны:84
Бунақ саны:2
Буын саны:7-8буынды
Ұйқас түрі:шалыс ұйқас
Әдеби - теориялық ұғымдар:
эпитет-нағыз дос,аққан су,сымбатты тау,сұлу сым,алтын жазу.
Еспе қайталау:Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара, сырласым.Сым пернені басып қара, Басып қара жырласын.
Омоним,көп мағыналы сөздер: қол,кілт,бет.
Түсіндірме сөздік: Сыр-әркімнің өзіне тән, басқаларға белгісіз ойы; Сандық-әр түрлі бұйымдарды салуға арналған,ағаштан жасалған. Зеңгір құз-биік жартас
Досыңмын деп aт береді,
Жем іздеген жаныма.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ, қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталаған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді, іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.
Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.
Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын,
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.
Сарыарқаның бір тауы бар –
Бір тауы бар сымбатты.
— Сол таудан сен сыр тауып ал,
Сыр тауып ал, қымбаттым.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шын суретті бейне жұмбақ,
Тұрғандай көп сыр жиып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет