29. Мектеп бағдарламасында берілген бір ақынның өлеңіне сатылай кешенді талдау жасаңыз. 9-сыныпта берілген Н.Айтұлының “Бәйтерек” поэмасына талдау
Авторы: ақын Несіпбек Айтұлы
Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), «Парасат» орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын.
Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі.
Тақырыбы: «Бәйтерек»- Тәуелсіздіктің символы, Елбасының ор тұлғасы
Жанр түрі: поэма
Идеясы: Нұр-Сұлтан каласы Егеменді елдің жаңа каласы, ал Бәйтерек монументі сол тәуелсіз еліміздің шынайы азаттык символы. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегені, Елбасының арқасында жаңа қаланың негізі қаланып, элем елі мойындайтын үлкен қалаға айналғанын мақтанышпен жырлау.Поэмадағы негізгі ой- окырмандарды елдігіміздің кадірін білуге, болашакты берекелі карсы алуға шақыру.
Шумақ : 36
Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы.
Тармақ:144.
Тармақ-өлеңнің әрбір жолы.
Бунақ:3
Бунақ — өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза.
Буын саны:11 буынды.
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
Көркемдегіш құралдар: риторикалық сұрак, эпитет, теңеу
Үзінді;
Жаныма жақындасаң мұңдасыңмын,
Келмейдi ендi ешкiмнен сыр жасырғым.
Не пайда дүниенiң кеңдiгiнен,
Болмаса бостандығы бiр басыңның?
Шүкiрлiк жарылқаған Аллаға мың,
Маңдайы жарқырады кең даланың.
Тәуелсiз атқан таң мен шыққан күннiң
Керемет құдiретiне таңғаламын.