27.Шешендік сөздерге құрылымдық талдау жасаңыз
Бұл дүниеде не жетім?
Санай берсең көп жетім.
Үйрек, қаз қалқып ұшпаса,
Дария-шалқар көл жетім.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел жетім.
Ұлығы əділ болмаса,
Төресін түзу бермесе,
Болады байтақ ел жетім.
Өз бетімен білмесе,
Айтқан сөзге ермесе,
Ұқпаса айтқан сөз жетім.
Замандасы болмаса,
Өңкей жастың ішінде,
Қария болар тез жетім.
Қара қасты, қыпша бел,
Сылаңдаса алдыңда,
Сөзіңді қабыл алмаса,
Құр қараған көз жетім.
Еңбегі еш, тұзы сор,
Көргенсіз болса қатыны,
Өмір бойы ер жетім.
Жаман болса барғаны,
Ішіңде боп арманы,
Наданға барған жақсы əйел,
Білер болсаң бұл жетім.
Бабын білмей иесі,
Аяғына қан түскен,
Ұлы дүбір жиында,
Қосылмаған ат жетім.
Дүниеден өтсе данышпан,
Жүйріктермен жарысқан,
Оқитын ие болмаса,
Жазулы қалған хат жетім.
Шумақ:8
Тармақ:34
Бунақ саны:2-3
Буын саны:7-8
Ұйқас түрі: аралас
Көркемдегіш құралдар:
Метафора – дария-шалқар, ер жетім, жер жетім, көз жетім
Қайталау –
Бұл дүниеде не жетім?
Санай берсең көп жетім.
Үйрек, қаз қалқып ұшпаса,
Дария-шалқар көл жетім.
Аллитерация –
Сылаңдаса алдыңда,
Сөзіңді қабыл алмаса,
Эпитет – байтақ ел, қара қас, қыпша бел, жақсы әйел
Қазыбек би “Кім жақын,не қымбат,не қиын”талдау
Арқау болған оқиға: Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Бұл Қазыбек бидің даналығына дәлел болған жауап кейін шешендік сөзге айналды.
Шумақ:7
Тармақ:31
Бунақ саны:2
Буын саны:9
Ұйқас түрі:шұбыртпалы(а а а а)
Көркемдегіш құралдар:
Метафора - Алтын ұяң, Құт- берекең, асқар тауың.
Қайталау - қымбат,жақын,қиын/эпифора/
Эпитет - Аймалайтын анаң
Мейірімді апаң, Асқар тауың, Туып-өскен елің ,Өзің сүйген жар,Алтын ұяң
Достарыңызбен бөлісу: |