1 Көшбасшылық қасиеттерді дамытуға арналған метафоралар


Көшбасшының басты қызметін өз сөзіңізбен тұжырымдаңыз



бет23/23
Дата19.10.2022
өлшемі52,54 Kb.
#44162
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
59. Көшбасшының басты қызметін өз сөзіңізбен тұжырымдаңыз.
Кӛшбасшының басты қызметі – ұйымдастырушылық қызмет. Ұйымдастыру – кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Ӛз сӛзін ӛткізу, ӛзінің маңызды басқарушы тұлға екендігін ұқтыру, мақсатқа жету үшін тиімді жолдарды қарастыру кӛшбасшының қолынан ғана келеді. Кӛшбасшының тағы бір маңызды қызметтерінің бірі – ұжыммен жақсы қарым-қатынасқа түсу. Кӛшбасшы ұжым мүшелерін басқару үшін, олармен тіл табысып, тұлғааралық қарым-қатынастың қыр – сырын білу керек.
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға. көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады. Ситауциялық көшбасшылар да болады. Былай күнделікті өмірде ол көшбасшылық қабілетін көрсетпейді. ол көшбасшылығын көрсету үшін белгілі бір жағдай орын алуы тиіс. Мыс., сіз өз тобыңыздағы бар - жоғы білінбейтін адамның спорттық жарыста, не басқа да қиын жағдайларда (өрт, табиғи апат, көше төбелесі) немесе ұжымға тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде өзінің қабілетін ашып көрсетіп, жауапкершілікті өз мойнына алып, ситуацияны қолға алуы, топты басқаруы мүмкін. Бұл да көшбасшылықтың бір түрі. Көшбасшының негізгі қызметі топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта түсу. Ол сарапшы ретінде қызмет етеді, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді және көпшілікті соңынан ерте біледі, өз тәжірибесімен бөлісе біледі. Көшбасшы-әлбетте өз саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар жан. Ол топпен жұмыс істей білуі керек, қол астындағы адамдардың пікірімен санаса білетін, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білетін жан. Үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан. Көшбасшылыққа жетудің кедергісі – өзімшілдік. Көшбасшылықты дамытудың бір жолы сыни тұрғыдан ойлану. Сын тұрғысынан ойлану шығармашылыққа жетелейді.

60. Көшбасшының бойынан табылатын негізгі қасиеттерге көрсетіңіз
Көшбасшылық сапалар – бұл табысқа, тануға және жоғары нәтижелерге әкелетін дағдылардың, қабілеттердің, мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы. Сапаларды дамыту өз өміріңе және онда болып жатқан оқиғаларға жауапкершілікті алудан басталады. Көшбасшыда болуы керек қасиеттердің тізімі өте кең, бірақ әр адам жеке тұлға және әрқайсысының өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері бар. Оны жетістікке жетелейді. Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек? Ол дүниетанымы кең адам болуы керек және қораптан тыс ойлауқазіргі жағдайға әртүрлі қырынан қарай алады. Ескірген және жұмыс істемейтін әдістерді көру және олардан бейтаныс болса да, жаңа, болашағы барға қадам жасаудан қорықпай бас тарту. Көшбасшы мен көшбасшының негізгі қасиеттері:
жауапкершілік;
басқа адамдармен үйлесімділік және тиімді қарым-қатынас құру мүмкіндігі;
тепе-теңдік;
жетекшілік ету қабілеті;
эмоцияларыңызды бақылау;
жоспарлар мен тапсырмаларды нақты құру;
топтық жұмыс дағдылары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет