2-Тақырыбы: Ұлттық танымдағы қара шаңырақ туралы түсінік
Сағат саны: 3
Тақырыптың негізгі сұрақтары: «Кіндік қаны тамған жер» тіркесінің мән-мағынасын ашыңыз
Туған жер туралы қандай шығармаларды білесіз?
Қандай отбасын құрғыңыз келеді?
- деп есептеледі, деп біледі құрылымдары, туынды сын есім жасаушы жұрнақтар (өнегелі отбасы).
Өткізу форматы:сұрақ-жауап әдісі;
Оқылым: Мәтінді оқу, түйінді ой қорыту, баға беру.
Тыңдалым: Тыңдалған мәтін бойынша өз көзқарасын білдіру, пікірлерді салыстыру.
Айтылым: Мәтін бойынша өз пікірін білдіру, дәлелдеу және қорытындылау.
Жазылым: Суреттеу эссесін жазу.
Грамматика: - деп есептеледі, деп біледі құрылымдары, туынды сын есім жасаушы жұрнақтар (өнегелі отбасы).
3-Тақырыбы: Студенттік отбасы
Сағат саны: 3
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Отбасын не себепті шағын мемлекетке теңейді?
Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
Жас кезінен отбасын құруға көзқарасыңыз қандай?
Себеп-салдар мәнді құрылым, сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары.
Өткізу форматы: сұрақ-жауап әдісі;
Оқылым: Мәтінді оқып, түйінді ой қорыту, басқалардың пікіріне баға беру.
Тыңдалым: Мәтін бойынша пікір білдіру, мазмұндау. Ақпараттың шынайылығын нақтылау.
Айтылым: Өз пікірін білдіру, дәлелдеу, пікір алмасу.
Жазылым: Дискуссивті (мәселені шешу жолдары) эссе жазу.
Грамматика: Себеп-салдар мәнді құрылым, сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары.
4-Тақырыбы: Еңбек нарығы дегеніміз не?
Сағат саны: 3
Тақырыптың негізгі сұрақтары: Сұранысқа ие мамандықтар?
Жас кезінен еңбекке араласу: себебі мен салдары.
Уақытты дұрыс пайдалана аласың ба?
Болжалды сан есім (-даған, -дап) жуық,
-уға тура кел құрылымы.
Өткізу форматы: сұрақ-жауап әдісі;
Оқылым: Мәтінді оқып шығып,сыни тұрғыда баға беру.Айтылым:негізгі лексиканы пайдаланып,баяндау
Тыңдалым: Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алу, мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау.
Айтылым: Тақырып бойынша ақпаратты анықтау, болжам жасау, өз ойын айтып,сараптама жасау.
Жазылым: Мәтін бойынша проблемалық
сұрақтар құрастыру
Грамматика: 4. Болжалды сан есім (-даған, -дап) жуық,
-уға тура кел құрылымы.