1. КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР: «Қазақ тілі» пәні барлық мамандандырылу бағытындағы орыс бөлімі студенттеріне арналған. Ол екі тақырыптық бөлімнен тұрады (техникалық аударма, ғылыми-техникалық стильдің арнайы жанрлары) және жалпы білім беретін пән ретінде ресми қарым-қатынасты қазақ тілінде жүргізе білуге, арнайы техникалық әдебиетті аударуға дағдыландырудың белсенді құралы болып табылады. Мәтіндерден жаңа ақпараттар алуға, мамандығы бойынша мәтіндер түзуге, оларды өзгертуге және өз кәсібіне қатысты тақырыптарда сөйлесу дағдыларын жетілдіреді. Бұл пән мамандық тілін үйрену деңгейінде жетекші пәндермен біріктіруге әкелетін мәртебеге ие.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыруды, болашақ маман иесінің қазақ тілін қоғамдық өмірдің әлеуметтік-мәдени, кәсіби салаларында қарым-қатынас құралы ретінде қолданып, ұлттық дүниетанымды қалыптастырушы әрі сақтаушы құндылық ретінде бағалаушы көзқарасын қалыптастыруды көздейтін пән мазмұны.
Студенттің қоғамдық маңызы бар мәселелерге байланысты өз пікірін білдіретін, белсенді, әр нәрсеге жасампаздық көзқараспен қарайтын рухани әлеуеті, таным деңгейі терең жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға құрылды. Атап айтқанда, бағдарлама қазақ тілін болашақ маман иесіне әлемді тану құралы, адамзаттық, ұлттық мәселелерді тани білетін, талқылайтын, шешу жолдарын ұсынатын, өз ойын еркін әрі терең жеткізуге көмектесетін қарым -қатынас әрі таным құралы ретінде меңгертуді мақсат еттеді. Сондықтан әр деңгей түрі бойынша ұсынылатын лексикалық тақырыптар қоғамдық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық, ғаламдық мәселелерді қамтиды.
Пән оқытушысы: Бекниязова Д.Д. оқытушы, пед. ғыл. магистрі
Кафедра: Теориялық және қолданбалы тіл білімі
Кабинет № 414
2. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Қазақ тілі пәнінің В-2 деңгейіне 5 кредит, 150 сағат бөлінген. Курс бойынша қазақ тілі пәні 4 деңгейге бөлінді. Әр деңгей бойынша жеке бағадарлама ұсынылып отыр. Әр деңгей 5 кредитке (60 сағатқа) есептелінді. Қазақ тілі деңгейлері арасында сабақтастық байланыс сақталынды. Студент тілді білу деңгейіне қарай қазақ тілі пәні бойынша кемінде 2 деңгейді - 10 кредитті алуға тиіс. Тілді білу деңгейі диагностикалық тест арқылы анықталады. Диагностикалық тест қорытындысы бойынша студентке ұсынылған қазақ тілі деңгейін аяқтаған соң, келесі семестрде сабақтастық қағидасы бойынша қазақ тілінің келесі деңгейін емтихан нәтижесі бойынша жалғастырады. Мысалы, 1 семестрде қазақ тілінің орта деңгейін (В-1) аяқтаған студент келесі семестрде ортадан жоғары деңгейді (В-2-1) жалғастырады. Ал ортадан жоғары деңгейді аяқтаған студент жоғары деңгейге (В2-2) көтеріледі. Осы ретпен қазақ тілінің әр курсы пререквизиті пен постреквизиттерін сақтауы керек. Қазақ тілінің бастауыш деңгейі шетелдік суденттерге ұсыналады. Негізгі деңгейді (А2) – қазақстандық студенттер ала алады.