1. курс туралы жалпы мәліметтер



бет3/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
СӨЖ тапсырмалары




15-апта

1

Корпорация қаржылары: ұйымдастыру негіздері және оларды қаржылық ортада қаржыландыру

Баяндама құру

1-апта


2-апта

2

Қаржы-несиелік шешімдерді қабылдауда қаржы-экономикалық есеп айырысулардың теоретикалық негіздері

Эссе


2-апта

3-апта

3

Корпорацияның негізгі капиталы

Мәнжазба

3-апта

4-апта

4

Корпорацияның айналым капиталы

Баяндама құру

4-апта

5-апта

5

Корпорация өнімін өндіру мен өткізу шығындары және оларды қаржыландыру

Эссе

5-апта

6-апта

6

Корпорация кірістерін қалыптастыру, бөлу және қолданылу тиімділігі

Мәнжазба

6-апта

7-апта

7

Корпорацияның меншікті капиталы

Баяндама құру

7-апта

8-апта

8

Корпорацияны қаржыландырудың қарыз көздері

Эссе

8-апта

9-апта

9

Корпорация капиталының құны мен құрылымы

Мәнжазба

9-апта

10-апта

10

Корпорациядағы қаржылық жоспарлау

Баяндама құру

10-11-апта

11-12-апта

11

Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Эссе

12-13-апта

13-14-апта

12

Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру

Мәнжазба

14-апта

15-апта

9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


9.1 Дәрістер
Тақырып №1. Корпорация қаржылары : ұйымдастыру негіздері және оларды қаржылық ортада қаржыландыру
Сағат саны - 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. «Корпоративтік қаржы» ұғымы мен мазмұны, оның функциялары. Корпорациялардың қаржылық механизмі;

  2. Компанияның құрылымы, қаржылық стратегиясы және мақсаты. Корпоративтік қаржыны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары және рөлі, олардың мазмұны және кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне әсері;

  3. Корпоративтік басқарудың түсінігі және мәні. Корпоративтік басқару жүйесі, оның принциптері мен құрылу факторлары;

  4. Корпоративтік миссия, стратегиялық мақсаттармен байланысы. Тиімді корпоративтік басқару ерекшеліктері. Корпоративтік басқару модельдері және олардың ерекшеліктері;

Дәріс тезисі
1. Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны, атқаратын қызметтері. Корпорация – бұл нарықтық қатынастар жағдайында қаржыны орталықтандыру нысандарының бір түрі, бірнеше жеке капиталдардың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен пайданы дивидент түрінде бөлісуге бағытталған қауымдастық. Корпорацияның капиталы құрылтайшылардың өз меншігіндегі қаржының және қарызға алған капитал құрамына банктен алынған несие шығарылған облигацияларды тарату арқылы құрылған қаржы көлемін құрайды. Корпорация қаржысы – деп қоғамның құрылу, қызмет ету, қайта құру және тарату кезіндегі қаржы қатынастары (корпорация қаржысы, шикізат сатып алуда, өндірілген өнімді таратуда, инвестициялауда капиталдың құрылуына, салығын төлеуге, несие алуға және қайтаруда қызмет етеді). Корпорация қызметін ұйымдастыру барысында жарғылық капитал мөлшері анықталады және қызмет ету барысында жарғылық капитал өзгеріп отырады. Пайданың өсуіне байланысты және қосымша кірістерге байланысты капитал өсіп және кеміп отырады. Жарғылық капиталдың көбеюі алғашқы капиталдың толық төленгенінен және оның мақсатты атқарылуы нәтижесінен кейін жасақталады. Корпорация пайдасы – деп сатылған өнім мен өндіріс шығындарын, салық төлемдерін алып тастағаннан қалған соманы айтамыз. Барлық қосымша төлемдерді төлегеннен қалған соманы қоғам өз меншігінде қалдырады. Таза пайда қоғамның әлеуметтік және өндірістік дамуына жұмсалады. Сонымен қатар, бағалы қағаздар бойынша дивиденттер төлеуге, резервтік қорға және қызметкерлерге ынталандыру сыйақыларын төлеуге жұмсалады. Қоғамның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болып пайданың бөлу процесін анықтайтын бір акцияға есептелген пайда табылады. Бір акцияға келетін таза пайда көлемі корпорация қызметін тиімді бағалауға жол береді.
2. Компанияның қаржылық құрылымы. Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар немесе корпорация қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде (яғни, иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды таратумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияның (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымның акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер етеді. Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивиденттер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті. Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивиденттер төлеуге құқығы жоқ: 1. Қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;
2. Егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарына жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивиденттер акциялар түрінде (табыстың капиталға айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
3. Компанияның қызмет етудегі сыртқы ортасы капитал нарығындағы компанияның қызметі. Нарық жағдайында корпорациялардың басқа ұйымдық – құқықтық нысандарға қарағанда айтарлықтай тұрақтылығы болады. Бұған табысты (пайданы) қоғамның қалыптасу мүддесіне бөлуден уақытша бас тарту, нарықты жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетуге бағытталған қосымша күрделі жұмсалымды жүзеге асыру есебінен қол жетеді. «Шектеулі жауапкершілік» қағидатының, яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапкершіліктің іс - әрекеті жеке қаражаттардың негізінде пайда бола алмайтын жеткілікті тәуекелдік кәсіпорындарды (тез қайтарым мен жоғары табыстылық алу тұрғысынан) құрудың алғы шарты болып табылады. Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарын қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларының қайта құйылымына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Корпорацияның көлемі тек оның нарықтық сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктің даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді. Корпорацияның аса маңызды артықшылығы – сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі.
Ішкі басқару компанияның ішінде жүргізілетін, акционерлер, директорлар кеңесі, басшылық жəне мүдделі тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты, сонымен қатар, олардың қызметін, құқықтарын жəне міндеттерін анықтайтын шаралар жиынтығын білдіреді. Қаржылық есеп берушіліктің жоғары айқындылығы, сапасы жəне реттілігінің арқасында менеджерлердің өздері қабылдаған шешімдері мен жұмысының нəтижелері үшін жауапкершілігі артады. Жауапкершілік деңгейінің артуы директорлар кеңесінің өзі тəуелсіз аудит жəне марапаттау бойынша комитеттер сияқты қазіргі кезде əйгілі тəсілдерді қосқанда ішкі бақылау тəсілдерін жетілдіріп, түрлендіре бастауына алып келеді.

1 сурет. Корпоративтік басқару мазмұны
Сурет автормен құрастырылған
Бұған қоса, жариялылықты жəне қабылданған шешімдерге жауаптылықты қамтамасыз ету мақсатында компанияның директорлар кеңесіне «сыртқы жақтан» директорлар шақыратын жағдайлар жиі кездеседі. Компанияның жұмысына іштей бақылау Дегенмен, тиімді басқару жүйесі бар компания сыртқы бақылау болмаса толыққанды дами алмайды жəне инвестициялар тарта алмайды. Тиімді болу үшін компанияны іштей басқару институттар мен рыноктардың сыртқы жүйесіне сүйенуі керек. Мұндай сыртқы механизмдер компанияны үнемді түрде жұмыс істеуге мəжбүр етеді, стандарттарды бекітеді, қателіктер үшін жазалайды жəне ақпараттық айырбасты күшейтеді. Жалпы алғанда, жекеменшік сектор мекемелері мен мемлекеттік бақылау ұйымдары институционалдық негіз құрайды, оның негізінде бірлесіп басқарудың ғимараты құралады. Бұл ықпал екіжақты.
Институциалдық негіз ұжымдық басқарудың механизміне қалай ықпал етсе, ұжымдық басқару да интитуциалдық негізге солай ықпал етеді. Корпоративтік, яғни ұжымдық басқаруды реттеу мен қадағалау жүйесі жариялылық, есеп берушілік, адалдық жəне жауапкершілік сияқты бірлесіп басқарудың төрт негіздік принциптері үшін негіз болатын мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдардың, нормативтер мен құқықтардың өзара байланысқан құрылымына сүйенеді. Жоқ дегенде, ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі барлық компаниялардың заңды сақтауын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, акционерлердің құқықтары мен басқа мүдделі топтардың (кредиторлар, жабдықтаушылар, қызметкерлер жəне т.б.) құқықтарын анағұрлым кеңірек қорғайды.

2 сурет. Корпоративтік басқару модельдері
Сурет автормен құрастырылған


Ұжымдық басқарудың тəжірибесін анықтайтын жəне оның қолдануылына бақылау жасайтын түрлі мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдар осындай негізде жұмыс істейді. Баға белгілеудің қатаң шарттары бар қор биржалары жəне реттеу мен бақылауды іске асыратын құнды қағаздар рыноктары сыртқы бақылаудың алдыңғы қатарлы бағыты болып табылады. Сыртқы бақылаудың бұл алдыңғы қатарлы бағыты акционерлердің құқықтарын қорғау мекемелері жəне бірлесіп басқару институттары мен компаниялар директорлары қауымдастығы сияқты жекеменшік ұйымдардың қосымша топтарына сүйенеді, олар құқық қорғау қызметін, кəсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеушілікті дайындау үшін негіз құруға көмектеседі.



3 сурет. Корпоративтік басқару модельдерінің ерекшеліктері
Сурет автормен құрастырылған
Жоғарыда аталып өткендей, корпоративтік басқару əдістері ірі халықаралық корпорациялар ғана емес, барлық компанияларда да қолданылуы мүмкін. Өйткені ұжымдық басқару құқық иелері мен олардың өкілдері арасындағы қарым-қатынас мəселелерімен тікелей байланысты (акционерлердің мүдделеріне сай немесе қарсы əрекет ететін менеджерлер). Бұл қиындыққа тек қана ірі корпорациялар ғана емес, сонымен қатар, иелері компанияның жетекшілері болып табылмайтын кез-келген түрлі экономикалық қызметтің субъектілері де ұшырайды. Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп басқару мүмкіндігінше, компанияның көлеміне қарамастан, өкілдерді (менеджерлер) сенім білдірушілердің (иелердің) мүдделеріне сай əрекет етуге мəжбүр етеді. Осылайша, ұжымдық басқару ұсақ фермалар мен мемлекеттік кəсіпорындарға дейін, шағын жəне орта бизнестен қаржылық мекемелерге дейін кез келген компания үшін бақылаудың тиімді əдісі болып табылады.
Тіпті сыртқы институционалдық база əлсіз дамыған болса да, ішкі ұжымдық басқарудың тиімді жүйесі компанияларға пайда əкелуге қабілетті жəне өздігінен лайықты мақсат болып табылатынын атап өткен жөн. Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, жаңа нарықтарға сай жоғары қауіп жəне əлсіз институциалдық база жағдайында инвесторлар тиімді басқару жүйесі, анағұрлым сапалы қаржылық ақпараты бар жəне миноритарлы акционерлерге анағұрлым сенімді кепілдік беретін, компанияларға инвестиция құю мүмкіндігі үшін көбірек төлеуге дайын.
Корпоративті басқару жүйесін реформалау саласындағы CIPE стратегиясы. CIPE жекеменшік сектор корпоративтік басқару жүйесін реформалауды өткізудің барлық деңгейінде жетекші рөл атқаруы тиіс деп санайды. Реформаның басталған нүктесі мен мақсаттары сол мемлекетке байланысты, өйткені көп жағдайда мемлекеттегі заманауи саяси-экономикалық жағдаймен анықталғандықтан əртүрлі. Оған қоса, бірлесіп басқарудың жүйесін дайындау кезінде ұлттық заңдар мен бірлесіп басқару принциптерінің оңтайлы сəйкестігін қамтамасыз ету қажет. Төрт кезеңді CIPE жоспары ұжымдық басқарудың реформа стратегияларын дайындауда бағдар болады. Жоспар əрекеттердің белгілі жүйелігін қарастыратынына қарамастан, ең соңында артықшылықтар нақты саладағы жəне тұтас алғанда мемлекеттегі жағдайға байланысты анықталуы керек. 1. Бастапқы баға · Корпоративті басқарудың сəтсіздігіне, мəселелеріне жəне келешегіне баға беру. · Елдегі стандарттарды заманауи халықаралық тəжірибемен салыстыру.
ОЭСР принциптерін орындардағы шын мəніндегі жағдаймен салыстыру. 2.Ақпараттық-түсініктеме жұмыстары · Мүдделі топтарды анықтау. · Компания басшылары, саясаткерлер жəне тұтас алғанда қоғам алдындағы мəселені кеңірек жариялау. · Реформа өткізуге қоғамның қызығушылығын арттыру. 3. Корпоративті басқару механизмдерін дайындау мен енгізу. · Ұжымдық басқару мен оның 4. Ықтималдылықты бақылау жəне қадағалауды арттыру. · Менеджерлер жəне кəсіпорын ішкі бақылауының ережелерін құру. · Акционерлерді бірлестік мəселелерді шешуде белсенді қатысуға тарту. · Нормативті-құқықтық жəне бақылау базасын жетілдіру. · Ұжымдық басқару сұрақтары бойынша (желілік) реттеу органдарының, компания, жекеменшік ұйымдар, азаматтық қоғамның басқа топтарынының жетекшілерінің, тұрақты өзара əрекеттілігін ретке келтіру. директорларын оқыту жəне аттестациялау. · Директорлар институтын құру. · Инвесторларға көмек ретінде ұжымдық басқарудың рейтінгтік бағалау жүйесін құру. · Қаржы делдалдарын оқыту. · Əртүрлі нормативті-құқықтық жəне бақылау формаларын дамыту. Қорытынды Саясаткерлер, кəсіпорын жетекшілері жəне көпшілік арасында бірлесіп басқару жүйесі компания жұмысын жетілдірудің жəне нарықтық демократияның дамуының жоғарғы қарқынын қамтамасыз етудің қажетті құралы деген түсінік артып келеді. Даму үстіндегі нарықтық экономикалы елдерде басқару реформасынан ықтимал ұтымдылық орасан зор. Жақсы дамыған ұйымдастырушылық құрылымы бар сенімді нарықтарды құру жəне кез-келген, түрлі компанияларда корпоративтік басқару принциптерін енгізу инвестиция, сауда жəне іскерлік қызметтердің одан əрі қарай өсуіне ынталандырады. Ұжымдық басқару институционалдық базаны (құқықтық нормаларды, нарықтық құрылымдарды, жеке меншіктің құқықтары), коммерциялық қызметтің дұрыс тəжірибесін, сонымен қатар нарық қысымы мен мемлекеттік бақылау сияқты сыртқы факторларын талап ететін бірыңғай жүйе ретінде танылып отыр. Корпоративтік басқару саласындағы мамандар үшін де, жекеменшік салада жұмыс істейтін кəсіби мамандар үшін де басқарудың осындай реформасы экономикалық жəне демократиялық институттардың даму мен жетілдіру стратегиясының басты бөлігі ретінде қажет.
Бекіту сұрақтары:

  1. Корпоративтік басқарудың мәнін ашыңыз

  2. Корпоративтік миссия мен этиканың маңыздылығын негіздеңіз

  3. Корпоративтік басқару модельдерінің ерекшелеңіз Компанияның қаржылық құрылымын жіктеп түсіндіріңіз

  4. Әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы кәсіпорындардың қаржыларын ажыратыңыз

  5. Қаржылық стратегия мен қаржылық миссияның экономикалық маңызын негіздеңіз

Әдебиет: 1,2, 3,5,6,8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет