1. Ланцетниктің даму ерекшелігі


Қан, лимфа ұлпалары, құрылысы, қызметі



бет15/21
Дата18.05.2023
өлшемі366,47 Kb.
#94329
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
90 гистология удачи

81.Қан, лимфа ұлпалары, құрылысы, қызметі.
Қан – сұйық дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан қанды дәнекер ұлпасына жатқызады. Қан- қантамырлар арқылы таралатын сұйықтық болып табылады, екі негізгі заттан -плазма және формалық элементтерден тұрады. Қан адам ағзасын, орташа есеппен, шамамен 5 литрді құрайды. Қанды қан тамырларда айналатын сұйықтық және бауырдағы, сарыуыздағы, терідегі деполанған қан деп ажыратады.
Қызметі: а) ұлпаларға мықтылық қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа);
ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа);
б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа);
в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы).
Қан және лимфа дәнекер тінмен бірге ағзаның ішкі ортасын құрайды. Олар плазмадан (клеткааралық сұйық зат) және әртүрлі формалық элементтерден тұрады. Бұл тіндер өзара бір-бірімен байланысқан, онда формалық элементтердің тұрақты алмасуы жүреді, сондай-ақ плазмадағы заттар да алмасып отырады. Лимфоцитттер қаннан лимфаға, лимфадан қанға реттеліп отырады. Барлық қан жасушалары эмбриогенез және туғаннан кейінде көп бағаналы жасушалардан түзіледі.
Лимфа табиғатынан сарғыш түсті,лимфа капиллярлары мен тамырларында жылжитын сұйықтық.Лимфа сұйығының құрамында лимфоплазма мен лимфоциттер болады.Лимфоплазма химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас,бірақ белоктары аз.Ең көп белогі альбулиндер.Белоктың құрамында диастаза,линаза және гликолитикалық ферменттерде бар.
82. Сүйектің шеміршек орнына дамуы
Шеміршек орнына сүйектің дамуы (хондрлық остеогенез)
Остеогенездің бұл түрінің ерекшелігі шеміршектің талқандалуы-мен жүреді. Хондрлык сүйектің дамуы шеміршектің бетінде жүреді. Осы кезде пайда болған сүйекті перихондрлық сүйекдеи атайды, ал сүйек заты шеміршектің ішінде дами бастап және даму оның клеткалары-ның есебінен жүрсе, ондай сүйек эндохондрлык, суйектер деп аталады.
Дамудың белгілі кезеңінде шеміршек кан тамырлары мен остеобластлерге толып бірте-бірте толықтай немесе жартылай сүйекке алмасады. Жабын, немесе тері сүйектердің бәрі плакоидтік қабыршактардың жеке пластинкаларының қосылуының нәтижесінде пайда болады. Эндохондрлык сүйек пайда болысымен остеокластлар өз қызметін бастай-ды. Олар шеміршекке енетін қаңқа түзуші ұлпаның клеткаларынан пайда болады. Остеокластлер жас эндохондрлық сүйекті бүзады, осы-ның салдарынан үлкен куыстар пайда болады. Қуыстарды толтырушы үлпа ретикулалык үлпаға айналады. Осы ретикулалык ұлпада алғашқы сүйек майына айналатын гемоцитобластлер түзіледі.
Жіліктердің диафиздері перихондрлык сүйектенудін нәтижесінде пайда болады. Диафиздік шеміршектің сүйекке алмасуы оның орта-сынан басталып бірте-бірте сүйектің ұштарына, эпифиздеріне тарайды. Кейін эпифизде өз сүйектену нүктесі пайда болады. Сүйектің үзарып өсуі эпифиз бен диафиздің арасындағы шеміршектің есуі арқылы жүреді. Адам жіліктерінің үзарып өсуі 20-25 жаста аяқталады. Эндохондрлык даму процесі тоқталмаған кезде сүйек кабығы жағы-нан сүйек ұлпасының жаңа қабаттарының пайда болуының нәтижесінде сүйек жуандап өседі. Ересек адамда да сүйек кабығы өзінің белсенділігін сақтайды, осыған байланысты ол сүйек зақымдалған кезде калпына келу процестерінің ошағы болып есептеледі. Сүйектердің қайта қүрылуы организмнің өмір бойына сакталады. Сүйек ұлпасының бұзылуымен бірге оның жаңадан түзілуі жүріп отырады. Сүйектердің жоғары механикалык, көрсеткіштері жаттығу процесі кезінде қалыптасады. Сондыктан дене қимылы адамның денсаулығына қажет.
Ұрықтың қуыс сүйектері шеміршектен тұрады. Кейін ол  сүйек ұлпасына ауысады. Шеміршек қалыбының орнына сүйек пайда болады. Олар шеміршек қабатымен қапталған
шеміршектің ішінде қан тамырлары жақсы жетілген. 
Шеміршектің сүйектенуі ең бірінші диафизінде жүреді, одан кейін эпифизге ауысады. Клетка аралық заттарында  кальций тұздары болады. Сүйектену нүктесі пайда болады. Перихондриальді жəне эндохондриальді сүйектенулер оссеин ұлпасының ішіне остеобластардың кіруі арқылы жүреді. Сүйектің шеміршек ұлпасынан да-муының кезеңі: 1-шеміршек үсті; 2- эпифиздің шеміршек ұлпасы; 3-эпифиз; 4-шеміршек колонкалары; 5-ісінген шеміршек клеткалары; 6- сүйек үсті; 7-остеобластар; 8-остеокластар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет