83. Нейроглияклеткаларының сипаттамасы Нейроглия (neuroglia, грек, neuron — нейроцит, жүйке клеткасы, glia — желім) — жүйке ұлпасының құрамына кіретін жасушалық құрылым. Нейроглия жасушаларын глиоциттер деп атайды. Нейроглия өз кезегінде: макроглия және микроглия болып екі топқа бөлінеді. Макроглиялар эктодермадан дамиды және олар: эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроциттер болып үш топқа бөлінеді. Эпендимоциттер ми қарыншалары мен жұлынның орталық өзегінің қабырғаларын астарлайды. Астроциттер ми және жұлынның құрамына кіреді. Олар өз кезегінде протоплазмалық және талшықты астроциттерге бөлінеді. Олигодендроциттер орталық және шеткі жүйке жүйесінде орналасқан нейроциттердің денесін қоршап қаптап, нейроглиялық қабықшалар түзеді. Микроглия — жүйке жүйесі мүшелеріне өтетін моноциттерден жетілетін глиальдық макрофагтар. Ол қорғаныс қызметін атқарады. Нейроглия жүйке жүйесі мүшелеріндегі нейроциттер элементтері үшін қоректік (трофикалық), тіректік, қорғаныс, секреторлық, шекаралық қызметтер атқарады.
Нейроглия тірек, реттеуші, трофикалық, секреторлық, шектейтін (Шван жасушалары), қорғаныс функцияларын, нейрондардың оқу қызметін орындайды, есте сақтау процестерінде маңызды рөл атқарады.Тор қабықтың глиальды жүйесі орталық жүйке жүйесінің глиялары сияқты қызметтерді орындайды. Көз торының ұлпасы зақымданғанда астроциттер гипертрофияланып, көбейіп, тыртық түзеді.
84. Гистиоциттер-макрофагтар Гистиоциттер (histiocutus. грек, histos — үлпа жөне kytos - жасуша) — талшықты борпылдақ дәнекер ұлпа сында кездесетін макрофагтар. Гистиоциттердің цитоплазмасы негіздік бояулармен көкшіл түске (базофилді) боялады. Олар пішіні сопақ, дөңгелек болып өзгеріп отыратын қозғалмалы жасушалар.
Гистиоциттер биологиялық белсенді заттар (интерферон, лизоцим, пироген, қышқылды гидролаза) бөлу арқылы фагоцитоз процесіне қатысады. Гистиоциттер — сүйектің қызыл кемігінде болатын діңгекті жасушалардан және олардың туындысы моноциттерден дамып жетіледі.
Макрофагтар (макро және грекше phagos — обыр) — жануарлар организміндегі мезенхим туыстас клеткалар. Организмге жаттекті және токсинді бактерияларды, өлген клеткалардың қалдықтарын және басқа да бөлшектерді белсенді түрде қармап алып, қорыта алады. Макрофагтар терминін алғаш рет орыс ғалымы И.И. Мечников (1845 — 1916) енгізді (1892). Макрофагтарға қандағы моноциттер, дәнекер тініндегі гистиоциттер, қан капиллярындағы эндотелий клеткалары, бауырдағы купфер клеткасы, альвеол қабырғасындағы өкпе макрофагтары, ішек қабырғасындағы перитонеальді макрофагтар жатады. Сүтқоректілерде макрофагтар сүйек кемігінде жетіледі.
Макрофагтар (гистиоцит, моноцит, мононуклеарлы фагоцитоз жасаитын торша, а-торшасы) — ұзақ өмір сүретін фагоцитоздық қасиеті бар жекеленген торшалар. Жілік майынан шығады, қанда және барлық ағзаларында кездеседі. Торша сыртында арнайы рецепторлары бар. Миграцияға, фагоцитозға, пиноцитозға бейім. Торшадан тыс уыттылыгы бар.