15-Лекция. Математика сабақтарын жоспарлау және жүргізу Сабақ дегеніміз – оқытудың ұйымдастырылған формасы, мұнда мұғалім нақты белгіленген уақыт аралығында, әдейі белгіленген орында оқушылардың коллективтік танымдық әрекетіне әрбір оқушының тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі құралдарды пайдалана отырып, барлық оқушылар оқитын материалдың негізін нақты оқыту процесінде қабылдауын қамтамасыз ете отырып, тәрбиелеуге және танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай тудыра отырып жетекшілік етеді. Қазіргі заман мектебінде оқу үрдісінің сапасын көтеру үшін математикалық білім берудің категориялары, қағидалары және көкейкесті мәселелеріне арқа сүйеніп, оқытудың заңдарын, заңдылықтары мен қағидаларын, интерактивтік технологиялар мен инновациялық әдістемелерді басшылыққа алу керек. математика мұғалімінің жалпы оқыту шеберлігі мен дағдысының және интеллектуалдық іскерліктің параметрлері 22-23-кестелерде көрсетілді. 22-кесте – Жалпы оқыту шеберлігі мен дағдысының және интеллектуалдық іскерліктің параметрлері № Функциялар Параметрлер 1 ұйымдастырушылық - жұмыс орнының тазалығы; -сабақтың мақсатын, міндеті мен кезеңдерңн бірлесіп анықтау - басты нәрсені анықтай білу - жоспарлау және өзін-өзі тексеру - оқытудың себептері - бағаларды талқылау - оқу жұмысының қортындысын оқушының өзін-өзі бағалауы 2 ақпараттық кітаппен, схемамен, кестемен жұмыс істеу -қосымша әдебиетпен жұмыс (сөздіктермен, энциклопедиялармен, тараулармен, түсініктемелермен) -ауызша және жазбаша сөз мәдениеті - жоспарлар мен конспектілер жазу 3 зейінділік білімді жаңа ситуацияға көшіру -тірек сигналдарын жасау - анализ, синтез жасай білу - салыстыра алу, жалпылауды білу - себеп-салдар байланысын анықтау - кризистік және рефлексивтік ойлануды дамыту 4 оқу-қатынастық тыңдай білу - аудитория алдында сөйлеу жарыссөздерге қатысу қысқаша тұжырымдар айту - аргументтеу, дәлелдеу 5. мұғалім жұмысы оқу материалын қортындылауды үйрету - дамыту сипатындағы әртүрлі тапсырмалар дайындау - әр деңгейдегі оқытуды қамтамасыз ету (жеке-дара, дифференциалдық) дифферинцированный - оқушыны жаңалық ашуды көздеген әрекет жасауға бағыттай білу 23-Кесте – Сабақтың диагностикалық картасы Сынып Мұғалім Пән Тақырып Қатысу мақсаты Күні, айы,ж. Бағалау-қортынды компоненті Мұғалімнің өзіндік анализі. Мұғалімнің сырт келбеті Оқушылардың сырт келбеті Санитарлық-гигиеналық режим Мұғалімнің педагогикалық такті Қортындыларды бірлесіп бағалау (рефлекция) Оперативтік бағалауды ендіру Тәрбиелік потенциал Оперециялық-әрекеттік компоненті Интеллектуалдық біліктілікті дамыту Креативтік, кризистік ойлауды дамыту Білімді жаңа ситуацияға көшіру Жоспар құру, аннотациялар Тірек сигналдарын, алгоритмдер құру Себеп-салдар байланыстарын құру Салыстыру Анализ жасау, синтездеу Білімдік білік және дағды Ауызша және жазбаша сөз мәдениеті Кітаппен, қосымша әдебиетпен жұмыс істеу Жоспарлау және өзін-өзі тексеріп отыру Басты нәрсені бөліп көрсету Сабақтың тақырыбы мен міндетін бірігіп анықтау Оқыту формасы Коллективтік Группалық Қос-қостан Жеке-дара Ұйымдастыру әдістері Зерттеу жұмыстары Өзіндік жұмыстар Кейбір-изденісті (Частично-поисковый) Түсіндірмелі-иллюстрациялық Басқа әдістер Мазмұндық компонент Үйге берілген тапсырманы тексеру Үйге берілген тапсырманы түсіндіру,күнделікке жаздыру Бағаларды комментарийлеу, күнделікке қою Оқытудың дифференциациясы Пән аралық байланыс Уақытты тиімді пайдалану Логикалылық және тізбектілік Ғылымилық және түсініктілік Мотивациялық-мақсаттылық компоненті Сабаққа қойылған баға Болашақ математика мұғалімдерінің орта мектепте математика сабағын жүргізу шеберлігін практикалық сабақтарда жан-жақты талқылау педагогикалық практикадан бұрын іске асырылуы қажет. Оқыту – адамға мамандық бойынша ақпараттарды береді, ал тәрбиелеу адами қаситеттермен қоса адамның өзін, жеке тұлғаны қалыптастырады. Білім беру адамның өз өмірі мен қызметінің тұлғасы ретінде қалыптасуының үрдісі болып табылғанда ғана мәдениет құбылысы ретінде көрінеді. Білім берудің басты мәселесі – адамға оның дамуына қажетті нәрселерді беру болса, білім берудің мазмұны: оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту. Оқытушы әрқашан білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдауы керек: толық қалыптасып, ашылып үлгірмеген, бірақ тұлға, болашақ маман. Егер, оқытушы: оқыту заңдарын, заңдылықтарын, қағидаларын ескермесе, сабақта отырған студенттердің қарындарының тоқтығын білмесе, білім алушының айналасындағы құрбыларымен, ата-анасымен қатынасының жақсы немесе жаман екенін білмесе, жатақханадағы тұрмыс жағдайын білмесе, аудиториядағы әрбір студенттің статусын білмесе, ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрін білмесе, оларды білім беруге пайдалана алмаса, пәнаралық байланыс орната алмаса, оқыту материалын өмірмен байланыстыра алмаса, білім алушының шығармашылық қабілетін, логикалық ойлау дәрежесін, креативтілік бейімділігін біліп, оны ары қарай дамытпаса – ол нашар оқытушы. Тәрбие – адамдарды қоғамда еңбек етуге және пайдалы басқа да қызмет істеуге және көптүрлі әлеуметтік функцияларды орындауға дайындаудың нысанды-құқықтық үрдісі. Белгілі гуманист-педагог В.А.Сухомлинский тәрбие жөнінде өзінің «Жас мектеп директорымен әңгіме» деген еңбегінде былай деген: «Кең мағынадағы тәрбие – бұл әрдайым рухани баю мен жаңарудың көпжақты үрдісі». Жоғарыда келтірілгендердің қорытындысында: әдіс – оқытудың мақсаттарына жетуге бағытталған оқытудың тәсілдері мен формаларының сәйкестігі. Сонымен, әдіс студенттердің таным әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдері мен сипатын қамтиды. Оқыту формасы – оқытушы мен студенттердің ұйымдасқан түрдегі өзара қатынастары. Оқыту формалары: күндізгі, сыртқы, кешкі, өзіндік, (оқытушының бақылауымен және бақылауынсыз), даралық, фронтальдық т.б. Оқыту – тарихи өзгермелі үрдіс. Ол ең алдымен, өндіріс пен өндіріс қатынастарының деңгейімен, қоғамның талаптары және сұраныстарына тәуелді, сондай ақ, әлуметтік шарттарына, қоғамның рухани байлығына, оның мәдени дәстүрі мен білімділік деңгейіне тәуелді өзгереді. Оқыту – бұл адамзат тәжірибесінің, қызметі пен таным тәжірибесінің жеке тұстары көрініс табатын бағытталған, алдын ала жоспарланған үрдіс. Оқыту – жеке тұлғаның қалыптастырылуының, ақыл-ой дамуы мен жалпы білім берудің маңызды құралы болып табылады. Білім алушылардың белсенділігі – бұл олардың оқу үрдісіндегі қарқынды жұмысы, практикалық дайындығы және білімін, қалыптасқан дағдылар мен біліктілігін қолдана білулері. Оқудағы белсенділік білім, білік, дағдыларды саналы игерудің шарты болып табылады. Танымдық белсенділік – бұл өзіндік ойлауға, мәселені (есепті) шешудің өз жолын шешуге ұмтылыс, өздігінен білім алуға, басқалардың ой қорытындыларына сын көзбен қарауға, өз ойының тәуелсіздігіне деген ынта. Студенттердің белсенділігі оған қажетті шарттар орындалмаған жағдайда төмендейді. Студенттерді оқу үрдісінде белсенді оқу-танымдық жұмысқа тарту оқытудың белсенді әдістері деп аталатын әдіс, тәсілдерді қолдануға тікелей байланысты болады. Оқыту әдістері – бұл оқыту-оқу әдістері. Білімді беру және қабылдау әдістері: әңгіме, дискуссия, лекция, текспен жұмыс істеу т.б. Оқытудың практикалық әдістері: жаттығулар, практикалық жұмыстар, лабораториялық эксперименттер. Оқытудың қорытындыларын бақылау мен бағалау әдістері: өзіндік және бақылау жұмыстары, текстік тапсырмалар, зачёттар мен емтихандар, ғылыми жобаларды қорғау. К.Роджерс, оқу үрдісін жеңілдететін оқытудың практикалық әдістерін ұсынады: 1. Оқушыға оқу жұмысын таңдауына мүмкіндік беру; 2. Оқушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемі мен мазмұнына қатысты мәселелерді бірігіп таңдауы; 3. Оқу материалын емханикалық жаттаудың альтернативасы сапасында оқытудың проблемалық әдісі ұсынылады. Ол жаңалық ашуға бағытталған зерттеулерге оқушыны қосу арқылы іске асырылады; 4. Оқушы жұмысының жеке мәнділігіне сабақта шынайы өмірлік ситуацияларды имитациялау жолымен қол жеткізіледі; 5. Әртүрлі топтық тренинг формаларын кеңінен қолданысқа ендіру; 6. Тиімді топтар 7-10 адамнан құралады; 7. Білімі төмен немесе нақты міндеттерді арқаруға қауқары жоқ оқушылар үшін программалық оқытуды саралап қолдану; Мектептегі оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде –сабақ, ал жоғары оқу орынында – лекция қабылданған. Оқыту формасы – бұл оқу үрдісінің өзінің арнайы құрылымы. Ол оқытушының жетекшілігімен ұжымдық, топтық және жеке тұлғалық жұмыс болып табылады. Оқыту әдістері – бұл білім алушылармен өзара қарым-қатынас тәсілдері. Әдіс белгілі ретпен орындалатын тәсілдерден құралады. Басқаша айтқанда, тәсіл – әдістің органикалық бөлігі болып табылады. Ю.К.Бабанский жасаған оқыту әдістерінің классификациясы 24-кестеде келтірілген. Оқытудың әртүрлі формаларын өткізгенде көрсету, дыбыстық техникалық, кинематикалық және басқа осы сияқты дидактиканың тілі болып табылатын оқыту құралдары пайдаланылады. Бұл дидактикалық мақсатқа жарап жатса, онда оқыту үрдісі бейнелілік және эмоционалдықпен көркейеді.. 24-кесте – Ю.К.Бабанский жасаған оқыту әдістерінің классификациясы № р/р Оқыту әдістерінің негізгі тобы Оқыту әдістерінің негізгі тобының бөлімдері Оқытудың жеке әдістері 1 Оқытуды стимулдау және мотивациялау әдістері 1.1.Оқуға ынтаны қалыптастыру әдістері Танымдық ойындар, оқу дискуссиялары, оқытуды эмоцияналдық ынтал. әдістері т.б. 1.2. Оқу кезіндегі жауапкершілікті қалыптастыру әдістері Оқытудың мадақтау, мақтау әдістері, оқуға талаптылықты ескеру т.б. 2 Ұйымдастыру және оқу жұмыстары мен операцияларды іске асыру әдістері 2.1. Перцептивтік әдістер (сезім арқылы оқу ақпараттарын ьеру және қабылдау). Сөздік әдістер. Лекция, әңгіме, әңгімелесу т.б. Көрсету құралдары Иллюстраиялау әдістері, демонстрация, кинокөрсетілім т.б. Аудиовизуальдық әдістер Сөздік және көрсету құралдарын сәйкестендіру Практикалық әдістер Жаттығу, тәжірибелер өтізу, еңбек тапсырмаларын орындау т.б. 2.2. Логикалық (логикалық операциялар ұйымдастыру және іске асыру) әдістер Индуктивтік, аналогия әдістері т.б. 2.3. Гностикалық әдістер (ұйымдастыру және ойлау операцияларын іске асыру) Проблемалық-ізденіс (проблемалық мазмұндау, эвристикалық, зерттеу т.б. әдістер), репродуктивтік әдістер (ережелерді түсіндіру, иллюстрация жасау, түсіндіру, объяснение, практикалық жаттығулар т.б.) 2.4. Оқу жұмысында өзін-өзі басқару әдістері Кітаппен, аспаптармен, еңбек нысандарымен өзіндік жұмыс. 3 Бақылау әдістері және өзін-өзі бақылау 3.1. Бақылау әдістері Бақылаудың ауызша, жазбаша, лабораториялық, машиналық әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері. Дамыта отырып білім беру Оқыту түсінігі мен мәні. Оқыту деген не? Осы сұраққа И.Ф.Харламов былай деп жауап береді: «оқушылардың ғылыми білім және біліктерді игеруі, шығармашылық қабілеттіктерін, адамгершілік-эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін дамыту бойынша белсенді оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру мен ынталандырудың бағытталған, педагогикалық үрдісі». Оқыту – адамның, баланың қабілеттіліктерін дамытуды негізгі мақсаты етеін үрдіс, бұл баланың танымдық үрдісімен байланысты болады. Оқытудың кез келген түрінің негізінде «білім беру – оқу» жүйесі орын алған. Білім беру – бұл оқытушының ақпарат беру бойынша жұмысы; оқушылардың оқу-танымдық жұмысын ұйымдастыру; олардың оқу үрдісінде туындалатын қиындықтарына көмектесу; қызығушылықтарын, өзіндік жұмыс істеуін, шығармашылығын ынталандыру және олардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша жұмыстар. Білім берудің мақсаты ақпарат беру үрдісінде әр оқушыны тиімді оқыту, берілген білімнің игерілуін қабағалау мен бағалау, сонымен бірге, оқушылармен өзара қатынаста болу және біріккен, сондай ақ өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру. Оқу – оқушының жұмысы, бұл білім мен дағдыны игеру, бекіту және қолдануды; өзіндік ізденіске ынталандыруды; оқу міндіеттерін шешудә, оқу жетістіктерін өздігінен бағалауды; мәдени құндылықтардың, адам тәжірибесінің, қоршаған шындық үрдістері мен құбылыстарының тұлғалық және әлеуметтік мәнін сезінуді ескереді. Оқу мақсаты – қоршаған орта жөніндегі ақпараттарды тану, жинау және өңдеу. Оқу қорытындысы білім, білік, дағдыларда, оқушылардың өзара қатынасы мен жалпы даму жүйесінде көрініс табады. Оқу үрдісі – адамның өзіндік таным жұмысының түрі. Ол оқушының нысандық дүниені тануының жалпы, сондай-ақ өзіне тән ерешеліктерін қамтиды. Егер оқымысты қайсыбір құбылыстарды, үрдістерді зерттеу барысында нысандық жаңа нәрсені таныса, оқушы оқу барысында, субективі жаңалықтарды ашып, яғни ғылым мен адамзатқа белгілі, ғылымның жинақтаған және жүйелегендерін ғылыми ұсыныстар, ұғымдар, теориялар, ғылыми факттар түрінде игереді. Оқудың тиімділі ішкі және сыртқы құрылымдармен анықталады. Ішкі құрылымдар ретінде оқытудың жетістікті болуы және академиялық үлгерім, сонымен бірге білім сапасы, біліктіліктер мен дағдылардың игерілуі, білім алушының даму деңгейі, оқымыстылық және оқуға икемділік деңгейі қабылданады. Білім алушының академиялық үлгерімі оқу жұмысының шын мәніндегі және жоспарланған деңгейі ретінде анықталады. Академиялық үлгірім балдық бағамен бейнеленеді. Оқудың жетістікті болуы – бұл аз шығынмен биік қорытындыларды қамтамасыз ететіндей оқу үрдісін басқаруға да байланысты болады. Осыдан, оқыту – бұл орындалу үрдісінде басқаруға болатын таным игерілетін қарым-қатынас, жеке тұлғаның қалыптасуының негізінде жатқан әлеуметтік тәжірибені, қандай да бір нақты жұмысты өндіру, игеру. Оқыту заңдылықтары – оқу үрдісінің құрамды бөліктерінің, компоненттерінің арасындағы мәнді, тұрақты, қайталанып отыратын байланыстар. Оқытудың сыртқы және ішкі заңдылықтары болады. Сыртқы заңдылықтарға оқытудың қоғамдық үрдістер мен жағдайлардан (әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардан, мәдениет деңгейінен, белгілі бір тұлғаға, білім деңгейіне қоғам мен мемлекеттің қажеттілік сезінуінен) тәуелділігі жатады. Ішкі заңдылықтарға – оқу үрдісінің компоненттерінің арасындағы (мақсаттардың, білім мазмұндарының, әдістер, құралдар мен формалар, мұғалім, оқушы және оқу материалының мәні арасындағы) байланыстар жатады. Оқыту қағидалары – дидактикалық үрдістерді ұйымдастыру мен өткізудің басқару идеялары, нормативтік талаптары болып табылады. Олар оқу үрдісін реттейтін жалпы сілтемелер, ережелер, нормалар сипатына ие. Дамыта оқыту қағидалары – 1. Мазмұнның жүйелілігі мен бірлігі; 2. Қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту, 3. Теоретиялық білімдердің жетекші ролі, 4. Материалдарды тез қарқынмен оқыту, 5. Баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс, 6. Баланың оқу үрдісін тануы, 7. Рационалдық және эмоционалдық сферларды ісе қосу 8. Вариативтік және жеке тұлғалық жақтан келу. Дамыта оқытудың түрлері Мектепте кең тараған түрлері: - дамытушы, - түсіндірмелі-иллюстративтік (хабарлаушы), - проблемалық және - программалық оқыту. Осылармен қатар Қазақстан мектептерінде аз тараған түрлері де бар. Мысалы: - интерактивтік оқыту, - блоктық оқыту, - модулдық оқыту, - қашықтан (дистанциялық)оқыту т.б. Дамыта оқытудың мақсаттары Дамыта оқытудың басты мақсаты оқушыларды өзіндік білім алуға, шындықты өздігінен іздеуге, күнделікті өмірде тәуелсіз болуға («өз ақылымен өмір сүруге» қабілеттілігін дамытуға) дайындау Мұғалім мұнда тек қана білім мен шындықты «тасымалдаушы», жеткізуші ғана емес, ізденіс үрдісін ұйымдастырушы ретінде көрінеді. Ол оқушылардың есте сақтау қабілеттілігін, қабылдауын, әртүрлі ойлау формаларын белсенділендіретін үрдісті ұйымдастырады. Сонымен бірге, дамыта оқыту оқытушының оқушылар ұсынған әртүрлі формадағы (докладтар, комментарилер, таластар, дәлелдеулер, диалогтар) әртүрлі көзқарастарды қабылдау мен талқылауға ашық болу дайындығын ескереді. Дамыта оқытудың тактикасында үш түрлі бағыт байқалады. Біріншісі: мұғалім сұрақтар қойады және тапсырмалар ұсынады. Ол әрқашан толық түсіндірмейді, осыдан оқушыларға өздігінше ойлауға, шешім табуға итермелейді. Педагог оқушыларды түсіну үрдісінің біртіндеп орындалатын, ретті сипаты бар екендігін, түсіну тереңдігі әртүрлі болатындығын түсінуге дайындайды. Екінші бағыт: педагог оқушыларды сырттай қарапайым және кәдуілгі нәрселердің тереңдігін көруге шақырады. Бұл күнделікті және кәдуілгі нәрселерден таң қаларлық қасиеттерді көруге ұмтылыс тудырады. Үшінші бағыт: логикалық ойлауды дамытуға бағыттайды. Мұғалім білім алушылармен бірге құбылыстардың, оқиғалар мен үрдістердің жалпы контекстінде теориялық болжамдар (гипотезалар, жалпылаулар) құрады. Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту Хабарлаушы немесе түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту ең алдымен, мұғалімнің білімді өңделген, «дайын» түрінде беруімен сипатталады, ал оқушылар оны қабылдап, қайта шығарады. Оқытудың бұл түрін, білімді қалыптастыру жолы ретінде сөзсіз құрметтеуге болады: білімдерді ұсыну мен қабылдау барлық оқушылар үшін бір мезгілде жүйелі, біртіндеп, экономикалық рет пен біркелкі жылдамдықта іске асырылады. Бірақ мұның кемшіліктері де бар: - оқушылардың жұмыстары негізінде оқытушы хабарлаған ақпараттарды есте сақтау мен қайта өңдеуге ғана негізделеді де, - көкейкесті мәселені көре білу, - сұрақтар қою, - сараптау және факттарды қарсы қою т.б. сияқты ақыл-ой қабілеттіліктері мен біліктіліктері аз дамиды, Басқаша айтқанда, хабарлаушы немесе түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту ойлауды дамытпайды. Сондықтан, дидактикада, әсіресе XX ғасырда оқытудың кризистік, өндірістік және шығармашыл білікті ойлауға жетелейтін оқыту модульдерін іздестіру жұмыстары жүргізілді. Осылай, проблемалық оқыту пайда болды. Дивергенттік ойлауды дамыту әдістері «Дивергенттік ойлау» түсінігінің анықтамасын ең алғаш ұсынған Дж. Гилфорд болды. Ол конвергенция және дивергенция деп аталатын екі ойлау операциясының арасындағы үлкен айырмашылықтың болатынын атап көрсетті. Конвергенттік ойлау бір ғана дұрыс қорытындыны іздеуге бағытталған, ал дивергенттік ойлау көп шешімдерді табу мүмкіндігін болатындығына бағыт үстайды. Конвергенттік ойлау, берілген жағдайлардың талабына сай, бір ғана мүмкін болатын (нормативтік) шешімнің дұрыстығы мен оны іздеу жылдамдығын сипаттайды. Дивергентті ойлауға Дж. Гилфор берген анықтамасы бойынша, бұл әртүрлі бағыттар ұстанған ойлау түрі болып табылады. Мұндай «шашыранды» ойлау әртүрлі сұрақтарға жауап іздеу үрдісінде іздестіру бағыттарын өзгертуге мүмкіндік береді де, көптеген күтпеген шешімдер мен қорытындылардың пайда болуына әкеледі. Ол бір ғана сұраққа бірнеше жауаптың болатындығын болжайды да, өзгеше идеялардың туылуының шарты және тұлғаның өзіндік жағынан көрінуінің шарттарының бірі болып табылады. Дивергенттік ойлау тек қана адамның интеллектуалдық өсуінде маңызды ғана емес, сонымен бірге ол тұлғаның толеранттық (басқа идеялар, сенімдер мен мінез-құлықтардың болуына шыдамдылық таныту), қызықушылық, креативтік сияқты жеке қасиеттерін де тәрбиелейді. Дивергенттік тапсырмалар түрі ретінде көптеген дұрыс шешімдердің болатындығын ойластыратын кез келген пәндік бағыттағы тапсырмалар қабылданады. Ғылыми әдебиеттерде Д. Гилфортен бастап, «көп шешімді» тұжырымы қалыптасты. Бірақ, Однако, с точки зрения математикалық көзқарас бойынша «жиын бос та бола алады, яғни бірде бір шешеімі болмайытын жиындар да болады». «Дивергентттік-конвергенттік» құрылымы бойынша тапсырмалардың классификациясы: 1 типтегі дивергенттік тапсырмалар – бір ғана әдіспен шешіледі, бірақ шешімдері көп; 2 типтегі дивергенттік тапсырмалар – әртүрлі әдістермен шешіледі, бірақ бір ғана шешімі бар; 3 типтегі дивергенттік тапсырмалар – көптеген әдістермен шешіледі, сонымен бірге шешімдері де көп болады. Ойлаудың икемділігі мен ойлаудың дивергенттілігі арасындағы айырмашылықты қарастырайық: Ойлау икемділігі – бұл көптеген идеялар айтып, олардың арасында ассоциативтік байланыстар орната білу, бір топтың құбылыстарынын, әдетте, одан мазмұны жағынан алшақ болатын, екіншілеріне өте білу, Ойлау дивергенттілігі – тапсырманың, мәселенің, есептің бірнеше шешу әдістерін таба білу, жауаптар мен шешімдердің нұсқалылығын көре білу қабілеттілігі. Кәсіптік біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастырудың мәні Дағдыларды қалыптастыру. Қозғалыс пен әрекет адамда саналы және санасыз түрде іске асады. Әдетте әрекеттің соңғы мақсатты, сондай ақ олардың жалпы сипаты санаға енеді. Бір жағынан адамның ешбір әрекеті аяғына дейін автаматтандырылмаған (яғни, санадан шеттетілмейді), себебі ол саналы мақсатта пайда болып, басқарылады. Басқа жағынан алсақ, адамның кез келген әрекеті жекелей автоматтандырылған бола алады, бұған көптеген жағдайда сананың қатысуынсыз басқарылатын дағдылар әсер етеді. Әрекеттің кейбір тұстарын автоматтандыру оның құрылымын өзгертіп, жақсартады. Дағдылар әрекеттердің мақсатары мен шарттарына емес, оларды орындау тәсілдеріне жатады. Әрекеттің қандай тұсы автоматтандырылғанына байланысты дағдылардың әр түрін ажыратады. Бұлшық еттердің автоматтандырылуы қозғалыс (моторлық) дағдыға қатысты болады. Әрекеттердің екі түрінің сәйкестігі, яғни қозғалыс акттарның автоматтандырылуы көру (есту) арқылы бақылауда орындалған жағдайда сенсомоторлық дағдылар жөнінде айтады. Ақыл-ой әрекеттеріне қатысты интеллектуалдық дағды жөнінде айтады. Кең мағынадағы арнайы есептерді шығаруда логикалық ойлау дағдысы жөнінде айтуға болады. Дағдылардың қалыптасу шарттары. Дағдылардың пайда болу негізінде қайталап орындау мен таңдау жатады. Практикалық қайталаусыз дағдылардың қалыптасуы мүмкін емес. Біліктіліктерді қалыптастыру Бар білімдерді немесе ұғымдарды пайдалана білу, заттардың мәнді қасиеттерін анықтау үшін және белгілі бір теориялық немесе практикалық міндеттерді шешу үшін оларды қолдану біліктіліктер деп аталады. Білімдер әртүрді қатынастарда мәні болатын және әртүрлі мақсаттар үшін заттардың қасиеттерін бөліп көрсетеді. Білімдер әрекеттерді (білітіліктерді) дұрыс таңдаудың негізіне айналу үшін келесілердің орындалуы керек: 1) берілген білімде бейнеленген қасиеттері шынымен сол заттарда болуы керек; 2) осы қасиеттер әрекет ету алдында қойылған мақсаттар үшін мәнді болуы керек; 3) осы әрекеттер мақсатқа жету үшін нысанның бейнеленуін қамтамасыз етуі керек. Біліктіліктерді қалыптастыру шарттары Біліктіліктің маңызды әлементі – есептің түрін (типін) ажырата білу, оны шешуге қажетті ондағы қаситеттер мен қатынастарды табу. Мысалы, «Жүздің үштен бір біржарымын табыңыз» есебі – үлкендер үшін де қиын болатын көрінеді. Дегенмен, біржарым дегеніміз – , онда есеп бірден шығарылады: .