1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Білім алушылардың қызметін ұйымдастыру



бет15/20
Дата06.01.2022
өлшемі491 Kb.
#15511
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
6a1dcbb6-dc96-11e4-b960-f6d299da70eeдидактика каз лекциялары

12-Лекция. Білім алушылардың қызметін ұйымдастыру

Бүгінгі күні маманға қойылатын талаптар: - дамыған елдердің экономикасы символикалық аналитиктерді көптеп қажет етуде. Символикалық аналитиктер деп нақты емес жағдайда жұмыс жасай білетін, проблеманы айқындай біліп, оны шешу жолдарын белгілеп, стратегиялық бағыттарды айқындай білетін мамандарды атайды. - Қазақстан экономикасы да біліммен жұмыс жасай алатын, білімді нақты жұмысқа айналдыра білетін символикалық аналитиктерді қажет етеді. Білім алушылар оқуды аяқтағанда меңгеруі керек құзырлылықтар: - проблемаларды шешуге дайын болуы; - өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы; - тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тұтынушы деңгейінде тиімді қолдану дайындығы; - әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық; - Қазақстандық идея мен өзінділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны үшін жауапкершілікті өзіне жүктеу дайындығы; - Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық. Интербелсенді әдістеме: - интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету», «білім беру» секілді жетістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік) екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады; - интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті студент (студентцентристік), өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену», «тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал». Интербелсенді оқудың негізгі қағидалары: - таным ортасын құрастыру; - әрекет арқылы үйрену/үйрету; - өзінділік пен дербестікті қалыптастыру; - өмірмен байланыстыру. Орта қалыптастыру: - білім алушы өз әрекеттерінің сәтті екендігін сезінетін жағдайлар қалыптастыру; - білім алушылардың арасында ашық және еркін шығармашылық жағдайлар қалыптастыру; - оқу материалы дайын түрде берілмей, ізденіс және зерттеу әрекеттеріне мүмкіншілік беріледі; - білім алушыларға бағыт-бағдар беріп, оларды ынталандыру. Әрекет арқылы үйрену/үйрету: - студенттерде білімді тек өзіндік белсенді әрекеттер арқылы ғана игеруге мүмкін деген түсінік қалыптастыру; - білімді белсенді түрде игеру процесін интербелсенді тәсілдер арқылы ұйымдастыру. Өмірмен байланыс: - оқуды практикалық әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты өмірде кездесетін проблемаларды шешу деп қарастыру; - әрбір сабақта әлеммен, нақты өмірмен байланыс орнату. Өзінділік пен дербестікті қалыптастыру: - білім алушылардың өзіндік пікір құрастырып, ой-толғаныс пен рефлексия арқылы проблемаларды шешуі; - өзіндік тұрғыдан жаңалық құрастыру үшін мүмкіншіліктер ұсыну; - білім алушыларда сыни және талдау тұрғысынан ойлаудың дағдыларын қалыптастыру. Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы: - интербелсенді әдістеме әрекет арқылы және әрекетпен үйретуге негізделеді: адам бірінші кезекте өз қолымен жасағанды есте сақтап, игереді; - «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций). Интербелсенді оқудың әдістері: - интербелсенді лекциялар мен семинарлар; пікірталастар; ойындар (оқу, ролдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); кейс-стади; тренингтер; оқытудың компьютерлік технологиялары. Интербелсенді әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: - ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, болжау, кластерлер, оңай және қиын сұрақтар кестесі, ойлан, жұптас, пікірлес, алдын-ала берілген атаулар, үлкен шеңбер, қос шеңбер, атаулар туралы үш сұрақ, еркін жазу, «білемін, білгім келеді, білдім», дөңгелек үстел, үш қадамды сұхбат, топтық зерттеу, кең көлемді лекция, сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, қос жазба күнделігі, үш жазба күнделігі, белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, қайшыланған пікірталас, аквариум, эссе және басқалар. Интербелсенді оқуда қолданылатын зерттеу жұмыстарының нысандары мен тәсілдері; - жобалау; - аннотациялау және рецензиялау; - ғылыми жұмыстарға пікір жазу; - әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру; - ғылыми пікірталас пен диспуттар ұйымдастыру; - портфолио құрастыру; - кейс-стади, мақала, реферат, сценарий жазу; - идеялар аукционын өткізу; - презентациялау; - өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру; - сауалнамалар, тестер, диагностикалық құралдар, жоспарлар, бағдарламалар әзірлеу; - тәжірибелер жасап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау, т.б. Білім түрлері Бүгінгі күні ғалымдар бір ауыздан білімнің негізгі екі түрін көрсетеді: 1) репродуктивтік; 2) конструктивтік. Философ Джон Дьюи, психологтар Жан Пиаже мен Лев Выготский, математик және логик Алфред Уайтхэд, педагог Т. Лешкевич, философ Владимир Данченко және басқалар білімнің бұл түрлері өэ қасиеттері бойынша бір-біріне қарама-қарсы деп есептеген. Бұған қоса білім берудің де екі үрдісін ажыратуға болады: репродуктивтік тұрғыдан білім беру өткен дәуірдің әдістемесіне жатса, конструктивтік тұрғыдан білім игеру - бүгінгі және ертеңгі күннің білімі. Репродуктивтік білім. Білімнің бұл түрі: ырықсыз, белсенді (пассив түрдегі) түйсінуді (қабылдауды) білдіреді; мұнда үйренушінің субъективтік және өзіндік түсінігіне жол берілмейді: репродуктивтік білім «түрлендірусіз, еш өзгертусіз қайталау» деген ұғымды меңзейді. Репродуктивтік білім есте сақтау және қайталауға негізделеді, мұнда қарастырылатын мәлімет білім алушы тұрғысынан аз мөлшерде өзгертіліп, интерпретацияланады.Репродуктивтік білімде бағдарлама (оқытудың, пәннің бағдарламасы) негізгі рөл атқарады («бағдарлама центристік» білім), өйткені мұндай білім шәкірттің жеке тұлғасына бағытталмай, жоғары жақтан белгіленген оқытудың бағдарламасына арқа сүйейді: «бағдарламада қалай келтірілсе, солай оқыту керек» деген қағиданы ұстанады. Репродуктивтік білімде басты тұлға – үйретуші («ұстазцентристік» білім), өйткені ол білім алушының мүдделерін ескермей, үйретушіге (ұстазға) бағытталады. Репродуктивтік білімнің түрлері: 1) Сипаттаушы білім: - қайталауға негізделген сипаттауға бағытталады; - негізгі сипаты: көрнекілік; 2) Түсіндіруші білім; - объективтік дәлелдемеге ұмтылады; - негізгі сипаты: дәлелділік (өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу). Конструктивтік білім. Конструктивтік білімде басты назар «пән» немесе «бағдарламаға» емес, үйренуші (шәкірт) тұлғасына аударылады, ал ұсынылған білім тұлғаны өзгерістерге ынталандырады: шәкірт алған білімді (ақпаратты, мәліметті, ұғымды, т.с.с.) өзіндік тұрғыдан өзгертсе, оның үйренген білімі шәкірт тұлғасын да өзгертеді (дамытады, өсіреді). Сол себепті конструктивтік білімді кейде түрлендіруші білім деп те атайды. «Конструктивтік» деп аталу себептері: - білім алушы өздігімен ақпарат, фактілер, ережелер мен қағидалардан дербес (өзіндік) мағына, түсінік, ой, идея, тұжырым құрастырады; - конструктивтік білім шәкіртті рефлексия (ой-толғаныс) арқылы өзін-өзі «түрлендіруге», өзінің тұлғасын өзгертуге ынталандырады; - конструктивтік білім тұлғаға өзін-өзі түрлендірудің (өзгертудің) айқын да анық мақсаттары мен құралдарын беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды тұлғаның тұла бойына сіңіріп, оны өзін-өзі жетілдіру ісіне жұмылдырады. Конструктивтік білімнің өзектілігі Сипаттаушы және түсіндіруші білімдер қаншалықты қажетті болса да, олар әлемді өзгерте алмайды, өйткені әлем тек адамның түрлендіруші әрекеттері арқылы өзгере алады, яғни оқытуда басты назарды тұлғаның жеке қасиеттері мен оның белсенді әрекеттеріне, оның қолынан келетін істерге аудару қажет. Конструктивтік білімнің негізгі сипаты (10-кесте) Түрлендіруші ықпалдың (әрекеттердің) тиімділігі оның адамды өзін-өзі түрлендіру ісіне жұмылдыра білуіне байланысты. Сол себепті, конструктивтік білімнің негізгі сипаты ретінде оның әрбір білім алушыға жағымдылығы мен қызықтылығы танылады. Адамның көңілін өзіне тартпайтын, қызықсыз білім болмысынан конструктивтік емес. 10-кесте– Әдістемелерді салыстыру Репродуктивтік білім Конструктивтік білім Жоғарғы жақтан күштеу Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы Еркіндікке жол бермейтін тәртіп (үйретуші тарапынан белгіленген) Еркін түрде әрекеттесу, үйренушілердің өздері қабылдаған ережелерді (тәртіпті) ұстану Кітаптар(оқулықтар) бойынша үйрену Тәжірибе арқылы үйрену Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру Бұлыңғыр болашаққа дайындау Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы Қызықтыру әдістері Адам өзі үшін мағыналы деп шешкен нәрселер ғана оны өзіне тартып, оның қызығушылығын тудырады. «Қызық» дегеніміз адамның жеке басының мүддесін ескеретін, «МЕН» тұрғысынан маңызы бар нәрсе. Сол себепті, конструктивтік білімнің барлық жүйелері әр адам үшін маңызды деген өмірлік проблема немесе проблемалар жиынтығы төңірегінде шоғырланады. Ұстаздың басты мақсаты: шәкіртке сабақтағы әңгіменің (тақырыптың) оған қажетті (ол мағыналы деп есептейтін) нәрселер жайында болатындығын сезіндіру. Үйрену (Үш көзқарас) 1. Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін»; 2. оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы; (А. Маслоу идеялары бойынша Н. Сандерс кестесі) (11-кесте). 11-кесте - Н. Сандерс кестесі («Бетель» лабораториясының зерттеуі негізінде, АҚШ, Мэн штаты) Оқу әрекеттері Есте сақталу көрсеткіші Лекция 5% Оқу 10% Аудио- және видео құралдарды, интерактивті тақтаны қолдану 15% Көрсету (көрнекіліктер: жобалар, кестелер, схемалар, суреттер) 30% Пікірталас 50% Практикалық іс-әрекеттер 75% Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету 90%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет