1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Мектеп математика бағдарламасының мазмұны мен құрылымына таңдау жасау



бет3/19
Дата27.02.2022
өлшемі157 Kb.
#26485
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәріс материалдары

3-Лекция. Мектеп математика бағдарламасының мазмұны мен құрылымына таңдау жасау
Соңғы 20 жылдан бері теңдеулер мен теңсіздіктер оқушылардың түсінігіне лайықталып, оларды бастауыш мектепте және 5–6 сыныптарда оқыту дәстүрі қалыптасты. Қазір бірінші сыныпта теңдеулер мен теңсіздіктердің элементтері x + 5 = 10, x – 5 = 10 түрінде кездеседі. Теңбе-тең түрлендірулер жүргізе білу математиканың арнаулы тілін меңгеріп, оны түсінуден ғана тұрмайды, сонымен бірге дайын жаттығулардағы өрнектерге теңбе-тең түрлендіру жүргізе білуді талап етеді. Координаталар мен функциялар орта мектеп бағдарламасына тек ХХ ғасырдың басында ғана ене бастады. Олар қазіргі заманғы мектеп математикасының ерекше сипатын білдіреді. Координаталар әдісі мен функцияны үйренуді кеңейту, дамыту, бағдарламадағы басқа тақырыптармен байланыстыра білу қажет. Оқушылар оқу мерізімінің барлық жылдарында есептерді шешу кезінде, әсіресе математика мен жаратылыстану, техникалық циклдегі пәндермен байланысты есептерді шешу процестерінде әртүрлі шамалармен өрнектелетін амалдарды орындайды. Оқу мерзімінің айтарлықтай бөлігі теңдеулер мен теңсіздіктерді үйренуге жұмсалады. Теңдеулер мен теңсіздіктердің математиканың барынша әртүрлі тарауларында кеңінен қолданылуымен ерекше мәнге ие болып отыр. Тендеулер мен теңсіздіктер жүйесін оқыту VI сыныптан бастап оқытыла бастағанына көп уақыт болған жоқ. Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі реформа бағыттары 1.Балалардың ден-саулығын қорғау. 2. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау. 3. Оқу үрдісінің сапасын көтеру. 4. Математикадан білім берудің бір ғана мемлекеттік стандарты және базистік бағдарламасы. 5.Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. 6.Оқушыларды бір бағдарлама бойынша негізгі үш деңгейде дайындау: жалпы мәдени, қолданбалы, шығармашылық. 7. Мектеп математикасының деңгейлік параллель оқулықтары. 8. Саралап оқыту және кәсіптік бағыттау. 9.Оқушыларды есеп шығаруға үйрету. 10. Математиканы оқытуда жаңа ақпараттар технологиялары мен компьютерді пайдалану. 11. Білім алушының өзін жұмыс істеуге баулу; 12. Интерактивті сабақтар беру. 13. Оқыту барысында тәрбиелеу. 14. Мобильділікке және шет тілдерін үйренуге баулу. 15. «Жасыл экономикаға» бағдарламасы бойынша зматематикалық зеттеулер жүргізуге икемдеу. Екінші тарау Математиканы оқытудағы ғылыми таным әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет